Ақылы курстарсыз Pinduoduo-дан қалай тапсырыс беруге болады?
Мақала 2024 жылдың 5 маусымында жаңартылды
Pinduoduo деген не?
Pinduoduo - қытайлық электрондық сауда компаниясы. Жай сөзбен айтқанда, Pinduoduo – көтерме және бөлшек сауда бағасы Қазақстаннан әлдеқайда төмен интернет-дүкен. Алайда мұнда жүктің салмағын, Қазақстанға, ары қарай өз қалаңызға жеткізу құнын төлеу керек. Осының бәрін КАРГО компанияларға төлейсіз. Қалай болғанда да үлкен көлемдегі тауарлар сатып алған кезде, сауда құнының жалпы сомасынан ұтасыз.
Қазір қосымшаның ішінде «Қазпошта» АҚ мен ҚР Үкіметімен серіктестікте жұмыс істейтін Қытайдан Қазақстанға ресми жүк тасымалдаушылар (Карго-компаниялар) бар екенін айта кету керек. Бұл YM Trans, JanaPost пен 139Express.
1) Тіркелу
Алдымен кімде Андроид құрылғы, https://api.pinduoduo.com/api/app/channel/pinduoduo_main_guanwang бойынша қосымшаны жүктейміз.
Кімде Айфон болса, AppStore-дан қосымшаны табамыз (Сілтемесі мында).
Маңызды ақпарат: Android жүйесіндегі ресми Play Market қосымшалар дүкенінде Pinduoduo қосымшасы жоқ, 2023 жылы өшірілген. Біз жоғарыдағы сілтемені Pinduoduo-ның ресми сайтынан алдық, кіріп, көрсеңіздер болады (ортасында орналасқан үш QR кодтың бірі). Сондықтан, егер сізде Android болса, файлды жүктеп алып, оған барлық орнату рұқсаттарын беру арқылы қосымшаны өзіңіз орнатуыңыз керек. Файлдың өзі қауіпсіз (бізде бір жылға жуық уақыт бойы орнатылған), бірақ сенімсіз болсаңыз, Pinduoduo қосымшасын тек iPhone арқылы пайдалансаңыз болады.
Ары қарай қосымшаға кіреміз. Android-та экранда мынадай терезе пайда болады, жасыл батырманы басамыз.
Келесі терезеде көк түстің астыңғы жазуына басамыз.
Iphone-да бұдан кейін мында басу керек болады
Содан кейін нөмір бойынша тіркелу бетіне өтеміз, егер мұндай терезе пайда болмаса, телефондағы кері қайту батырмасын басып, жоғарыдағы әрекеттерді қайталаңыз. Кейде Қазақстан автоматты түрде шығып тұрады. Мысалы:
Егер Қазақстан бірден шықпаса, елді таңдауға арналған бірінші жолаққа +7 деп жазамыз
Екі нұсқа шықты, екінші жолақты, яғни Қазақстанды таңдаймыз
Содан кейін сізге өз телефон нөміріңізді жазып, қызыл батырманы басу керек терезе пайда болады
Сосын сіздің нөміріңізге СМС-код келеді. Немесе ватсабыңызға. Соны енгізіп, бастапқы бетке кіріңіз. Егер құпиясөз келмесе, төменгі оң жақтағы қызыл түймені басып, құпиясөзді қайта сұраймыз.
Құттықтаймыз, сіз тіркелдіңіз!
2) Банк картасын қосамыз
Тіркелгеннен кейін бірден бізді бастапқы мәзірге өткізеді, онда панельдің төменгі оң жағындағы белгішені басу керек (ары қарай скриндерде нұсқаушы сызықтар болады):
Нұсқаушы сызықтарды қайталаңыз
Аталмыш терезеде біз өз карта нөмірімізді енгіземіз немесе камера көмегімен скан жасасақ болады. Сосын астыдағы қызыл батырманы басамыз.
Сосын бізді мына терезеге өткізеді.
Бірінші бос жолаққа біз аты-жөнімізді жазамыз, мысалы - ALPAMYS GUBAIDULLAEV.
Екінші жолақта, біз оған басып, картамыздың жарамдылық мерзімін таңдаймыз.
Үшінші жолаққа картамыздың артқы жағында орналасқан кодты жазамыз.
Осы қарапайым әрекеттерден кейін қызыл батырманы басамыз.
Келесі терезеде 6 таңбалы код ойлап табуымыз керек, біз оны келесі жолы кез келген тауар сатып алған кезде жазатын боламыз (ОНЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ).
Егер сізде осыдан кейін мынадай терезе шықса, онда құттықтаймыз, сіз картаңызды тіркедіңіз! (артқа басып, пайда болған терезеде қызыл батырманы бассаңыздар болады)
Егер карта нөмірін енгізетін терезе қайта шықса, демек қосылмады деген сөз. Картадан интернеттегі төлемдерге қолжетімділікті ашып, жоғарыдағы әрекеттерді қайталап көріңіз. Немесе басқа картаны тіркеңіз.
Сосын негізгі бетке оралып, іздеу жолағы арқылы мәтін немесе фото арқылы тауарларды іздей аламыз.
3) Қосымша тілін қалай аударамыз?
1) тауарларды іздеу жолағы арқылы іздеу үшін: ағылшын тілінде іздеуге болады немесе қытай тілін қолданса болады (көбірек нәтиже береді). Бұл үшін ең қолайлысы Яндекс пернетақтаны пайдалану (Andoid \ iOS). Қосымшаны басып алып, ондағы нұсқаулықты орындаңыз. Қытай тілін қосыңыз. Барлық қажетті рұқсаттарды беріңіз (егер қосымша ішінде қолжетімді болмаса, онда телефон баптауларына кіріп, "пернетақта" деп жазып, сол жерден барлық қажетті рұқсаттарды басыңыз).
Пернатақтаны баптап, іске қосқаннан кейін Pinduoduo қосымшасын жауып, қайта кіріңіз. Осыдан кейін сөздерді қазақ / орыс тілдерінен қытайшаға аудару ыңғайлы болады. Мысалы төменде. Мына жерге басыңыз
Ары қарай сөздерді енгізе беруге болады, пернетақта өзі автоматты түрде қытай тіліне аударып береді. Егер түсінбесеңіз, мына видеода ашып айтылған, соны көрсеңіз болады (қазақ тілінде, бәрін түйсікпен түсінуге болады). Роликтің бірінші жартысы Яндекс пернетақта туралы, ал 7-ші минуттан бастап, баптаулар туралы айтылады.
Сөз іздеу жолағына жазылғаннан кейін оның жанына бассаңыз, пернетақтада төменгі оң жақ бұрышта көк үлкейткіш әйнек пайда болады. Соған бассаңыз, іздеу басталады.
Кері бағытта да осылай: қытай тіліндегі түсініксіз сөздерді көшіріп алып, жоғарыда айтылған жолаққа қойсаңыз, ол сізге ыңғайлы тілге аударып береді (жоғарыдағы белгі ол "көшіріп алу").
Қажетті тауарды таппасаңыз, ағылшын тілінде іздеп көріңіз.
2) Қосымша бетінің өзін қалай аударуға болады? Ол үшін Гугл немесе Яндекс аудармашы керек болады (пернетақтамен шатастырып алмаңыз). Біз екіншісін қолданып үйреніп қалғанбыз, сондықтан оларға сілтеме міне: Android / iOS. Бірақ гугл аудармашы да дәл солай жұмыс істейтіндіктен, айырмашылығы жоқ.
1-қадам: қажетті бетте скриншот жасаймыз. Мысалы, тауар сипаттамасы:
2-қадам: Аудармашыда қажетті тілдерді таңдап, ең төмендегі фото белгісін басамыз.
3-қадам: төменгі оң жақтағы Галерея белгісін басып, сол жерден суреттерді қосамыз
Бірақ, жалпы, тез тапсырыс беріп үйреніп алған кезде аудармаға көп жүгіне бермейтін боласыз, тек расымен сипаттамасын оқу керек болса ғана. Негізінен барлығын түйсігіңізге сеніп істейтін боласыз.
3) Ал тауар бетін қалай толық аударуға болады?
Мұндай амал да бар. Қосымшаның барлық беттерін толығымен аударуға болады. Кез келген тауарға кіріп, жоғарғы бұрыштағы мына батырманы басу керек.
Сосын сілтемені көшіріп алу керек.
Сосын сілтемені кәдімгі гугл хромға салу керек. Онда тағы бір рет Pinduoduo-ға кіріп, барлық парақты аударып алуға болады. Мына видеода барлық іс-әрекет қадам-қадамымен көрсетілген (10 минуттан бастап). Бұл әдістің тағы бір артықшылығы, тауар картасынан шығып, іздеудің негізгі бетіне өткен кезде ондағы барлық тауарлар аударылып тұрады (видеода да бәрі көрсетілген).
Алайда бұл әдістің кемшілігі - сізді қосымшадан шығарып жіберетіні, ал қайта кірген кезде қайтадан тіркелу (кіру) керек болады. Нөміріңіз сақталып қалады, бірақ смс-кодты қайтадан енгізу керек болады.
4) Іздеу жүйесін қалай дұрыс пайдаланып, қажетті тауарды табуға болады?
Алдымен аудармашыда бізге қажетті тауардың атын жазып, іздеу жолағына саламыз. Ары қарай сүзгілер қоямыз (олар нұсқаушы сызықпен көрсетілген):
Мысал үшін біз футбол добын таңдадық, алғашқы сүзгі бізге ең ұқсас әрі тапсырыс саны жоғары танымал тауарларды көрсетеді.
Екінші сүзгі. Оның көмегімен біз тауарларды баға сатысына орналастырамыз. Яғни нұсқаушы сызықтың жоғары немесе төмен қарап тұруына байланысты тауарлар арзанынына қымбатына дейін немесе кері бағытта орналасуы мүмкін.
Үшінгі сүзгі. Оның көмегімен біз брендтік тауар іздейміз, Негізінен бұл қытайлық брендтер, бірақ тауардың түріне байланысты басқа да түпнұсқаларын табуға болады.
Жалпы алғанда, қытайлық брендтер де - жақсы. Сапалы тауарлар мен тауарлардың басқа да пайдалы биркалары туралы төменде жазамыз.
Төртінші сүзгі. Ол бірнеше аспект бойынша бағдарлауға көмектесіп, іздеу аумағын азайтады:
Мысалы, бірінші тармақтың көмегімен біз баға бойынша іріктей аламыз, яғни 0-15 юань аралығында:
Тағы бір пайдалы сүзгі ерлерге арналған (картинадағы көк сызық) және әйелдерге арналған (картинадағы қызғылт сызық).
5) Тауар мен сатушы картасын қалай дұрыс оқу керек және неге назар аудару керек?
Іздеу жолағына қажетті тауарды енгізген кезде, сізге тауарлардың көп таңдауы бар бетті шығарып береді. Дұрыс таңдау үшін алдымен осы нұсқаулықтың 4-ші тармағындағы 1-ші сүзгіні пайдалануға болады. Содан кейін сіздің бетте сатылым бойынша үздік тауарлар шығады. Соның арасынан қажеттісін қалай таңдаймыз?
Юаньмен көрсетіледі, осы соман 63-ке көбейтсеңіз, теңгедегі бағасы шығады (жеткізу құнын қоспағанда).
Ары қарай не нәрсеге назар аудару керектігін айтамыз. Тапсырыстар санына қараңыз. "Б" деген мың дегенді білдіреді. 14,7 мың тауар сатылды деген сөз. Неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым жақсырақ.
Бұл белгі - Pinduoduo тексерісін өткен сапалы тауар дегенді білдіреді.
Бұл белгі брендті білдіреді. Жоғарыда айтылғандай - негізінен қытайлық брендтер. Бұл жаман емес, керісінше жақсы. Көптеген Қытай брендтері ішкі нарық үшін шығарады. Бұл тауар нашар дегенді білдірмейді.
Бұл да жақсы белгі - флагмандық дүкен.
Кейде тауарларда сіздерге түсініксіз белгілер болуы мүмкін - оларды жаппай сатылым кезінде қосады. Демек "жеңілдіктегі тауар". Ал белгі науқан атауы ауысқандықтан өзгереді. Мысалы, мынау Қытайда 12 мамырда атап өтілетін "аналар күніне" арналған белгі.
Болды, негізінен керекті картаны қалай таңдау керектігін түсіну үшін осы ақпарат жеткілікті.
Келесі бізде тауар мен сатушы картасының сараптама процессі жүреді
Аталмыш тауардың неше рет тапсырыс берілгеніне тағы бір мәрте назар аударсаңыздар болады. Жазбаша Б әрпіне ұқсайтын белгі "мың" дегенді білдіреді. Демек аталмыш тауар айтарлықтай танымал деген сөз.
Кейбір тауарларда мынадай белгі бар - 100% түпнұсқа дегенді білдіреді.
Мында тағы екі жақсы белгі көрсетілген. Олар "99% сатып алушылар бұл тауарды қайтармайды" дегенді және "соңғы 24 сағат ішінде 200-ден астам данасы сатылды" дегенді білдіреді.
Тағы бір пайдалы белгі. Оған да назар аударуға болады. Ол сатушы сіз төлем жасағаннан кейін тауарды 17 сағат ішінде жібереді дегенді білдіреді.
Болды, басқалары аса маңызды емес.
Ары қарай төменге түсіп, пікірлерді қараймыз:
Мұнда суреттері бар пікірлерді таба аласыздар. Жағымсыз пікірлерді қараған дұрыс. Ол үшін төмендегі сұр нұсқаушы сызыққа басамыз.
Сосын соңғы қойындыға басамыз. Бұл тауардың сапасыздығы үшін түсірілген шағым.
Жасалған зерттеуге сүйене отырып, жақсы және нашар сатушылар мен тауарларды анықтаймыз.
Төмендегі картада сатушы туралы ақпарат көрсетіледі.
Дүкен 5 жұлдызды және 100 мыңнан астам тапсырыс берілген. Бұл дүкеннің рейтингі жақсы екенін және танымал екендігін білдіреді.
Білгеніңіз артықтық етпейтін тағы басқа белгі түрлері
Сондай-ақ мынадай күлгін түсті белгілер түпнұсқа кепілдігін білдіреді. Скринда көріп тұрғандарыңыздай Америкадан Гуанджоуға дейінгі тікелей жол көрсетілген. Яғни бұл Қытайдың ішкі нарығына арналған шынайы жеткізу.
Осы тұстардың бәрін зерттей отырып, сапалы тауарды таңдай аласыз және таңдау барысында қателеспейсіз.
6) Мекенжайымызды тіркейміз
Pinduoduo-дан барлық тауарларды Қазақстанға КАРГО-компаниялар жеткізеді. Олардың саны көп және оларды 2 түрге бөлуге болады. Ресми және жеке. Ресми түріне үш КАРГО кіреді: 139express, JanaPost және YM Trans. Неліктен ресми? Себебі Pinduoduo қосымшасының өзінде, жеткізу мекенжайы ретінде олардың қабылдау нүктелерін таңдауға болады. Олар Pinduoduo-дан тек жеке мақсаттарға тапсырыс беретіндерге, яғни өздері үшін сатып алатын жандар үшін қолайлы.
Неге? Себебі Қазақстанда бір адамға айына 200 еуро немесе 31 келі көлемінде пошта арқылы тауарларды бажсыз әкелу шегі бар. Егер тапсырысыңыз осы сомадан немесе салмақтан асып кетсе, айырмашылығы үшін қосымша 15% салық төлеуге тура келеді. Есептеу мысалы сілтемеде.
Бұл КАРГО-лар ресми болғандықтан, олар бұл деректерді сізге жазып, көп көлемде тауар тапсырыс берген кезде осындай жағдайға тап болуыларыңыз мүмкін. Қателесуім мүмкін, бірақ жақында оқырманымыз YM Trans арқылы құны 300 доллар тұратын тапсырыс алған, бірақ одан ештеңе сұрамаған. Бірақ, соған қарамастан сіздерге ескерте салғанымыз, осы нұсқаулықта бұл туралы айтқанымыз артықтық етпес.
Жоғарыда аталған үш КАРГО да шамамен бірдей уақыт аралығында – 15-20 күн ішінде жеткізеді. 10-11 күн ішінде жылдам жеткізу немесе 30 күнге дейін кешіктіру барлығында болып тұрады. Сондықтан оқырмандарымыз олар жайлы пікірлерін қалдыруы үшін арнада сауалнама жүргіздік. Олардың жазғандары төменде:
• JanaPost ең ыңғайлысы, себебі тапсырысыңызды бақылай алатын өз қосымшасы бар. Бағасы 1 кг үшін 4,2$. Барлық дерлік қалаларда қабылдау пункттерінің жеткілікті саны бар.
• YM Trans - ең арзаны, 1 кг үшін $3,7. Тапсырыстар тікелей Қазпошта бөлімшелерінде беріледі. Бірақ жеке қосымшасы жоқ, қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, WhatsApp-қа +7 705 842 2629 нөміріне жазу керек. Жалпы, жаман емес, дүйсенбі күні жұмыс уақытында тікелей байланыс операторы маған 3 минут ішінде жауап берді. Бірақ JanaPost-қа үйреніп қалған кейбір оқырмандар сонда қала берді (себебі олар Pinduoduo қосымшасында ертерек пайда болды). Айтпақшы, маусым айының басында Ym Trans өз қосымшасын іске қосты (әзірше тек iOS-та). Әзірге рейтингі төмен, біз де қолданып көрмедік (қажет болмады), сондықтан бұл туралы кейінірек жазамыз.
• 139express-ті оқырмандарымыз мақтамады, сауалнаманың астындағы пікірлерді өздеріңіз оқып шықсаңыздар болады, сондықтан бұл туралы жазбаймыз. Бірақ бұл компания да жұмыс істейтінін және тапсырыстарды жеткізе алатанын есте ұстаған жөн. Егер үйіңіздің немесе жұмысыңыздың жанында қабылдау пункті болса, байқап көруге болады.
Барлық үш КАРГО да қабылдау пункттеріне дейін жеткізеді, пәтерге дейін жеткізу жоқ. Жеткізу құны әрбір 100 г (0,1 кг) тапсырысты ескере отырып есептеледі, салмағы үлкен санға қарай дөңгелектенеді. Тапсырыстың ең аз салмағы 0,5 кг. тапсырыстың максималды салмағы 20 кг. Тапсырыстың бір жағының максималды ұзындығы - 180 см.
Ал егер Pinduoduo-дан сатылымға, яғни көп мөлшерде тауарларға тапсырыс беруді жоспарласаңыз, онда жеке КАРГО қызметтерін пайдаланауға болады. Аталмыш құжаттың ЕҢ СОҢЫНДА олардың мекенжайын PDD-ге қосу туралы, оларды қайдан табуға болатыны туралы және тапсырысты қалай бақылауға болатыны туралы нұсқаулықтар болады.
Өз мекенжайымызды қосамыз
Профильге кіріп, жоғарғы оң жақ бұрыштағы мына қойындыны басамыз
"Мекенжайды қосу" деген батырманы басамыз
Бұл жолақтарды орыс тілінде толтырамыз. Аккаунтты тіркеу кезінде көрсеткен нөмірді жазамыз, облыс, аудан мен тұрғылықты жеріңіздің нақты мекенжайын жазыңыз. Ары қарай сақтау дегенді басыңыз.
Пошта индексі жолағына әдеттегідей өз қалаңыздың индексін жазсаңыз болады. Мысалы, Астанада 010000. Алматыда - 050000
Немесе нақты мекенжайды жазсаңыз болады. Мына сайттан көруге болады - https://post.kz/postcode (әріп түрінде немесе санмен, маңызды емес).
Ары қарай "сақтау" дегенді басасыз. Дәл қай КАРГО жеткізетінін тапсырысты рәсімдеу кезінде таңдауға болады.
Оффтоп: экранда пайда болған не нәрсе?
Сіз жай ғана Pinduoduo лентасын қарап отырғанда мынадай терезе шығып кетуі мүмкін - бұл қосымша сіздің робот емес екендігіңізді тексеріп жатыр деген сөз. Қызыл батырмаға басыңыз.
Сосын саусағыңызды экраннан алмай пазлды керекті жеріне қойыңыз. Содан кейін тапсырысыңызды ары қарай іздей берсеңіз болады.
7) Алғашқы тапсырысты рәсімдейміз
Ұнаған кез келген тауарды таңдаймыз (мен Deerma DX700 шаңсорғышы мысалында көрсетемін). Төменгі оң жақта жеңілдікті бағасы көрсетілген. Соған басамыз
Соған басып, тауарды, оның санын және т.б. таңдау терезесіне өтеміз
Тауарды таңдағаннан кейін төмендегі қызыл батырманы басамыз.
Сізді тапсырысты рәсімдеу бетіне өткізеді. Қажетті каргоны таңдап, сізге жақын филиалын қарау үшін мына нұсқағыш сызықты басыңыз.
Ары қарай жүрекшеге қарсы бетте қанат белгісі (галочка) тұрғанын тексеріңіз (бұл біз осының алдында тіркеген банк картасы).
!Келесі қадамдардың алдында банк қосымшасынан картаңыз интернет төлемдер үшін ашық болуын тексеріп алыңыз.
Сосын қызыл батырманы басыңыз, содан кейін картаны қосу кезінде сіз ойлап тапқан 6 таңбалы кодты енгізетін терезе пайда болады (осы себепті оны ұмытпауыңыз керектігін жаздық).
Келесі терезеде банк картаңыздың артқы жағында орналасқан CVV кодын енгізу терезесі болады:
Кодымызды жазып, қызыл батырманы басамыз. Яғни тауарды төлейміз.
Кейбір жағдайларда төлемді саусақ іздерімен немесе Face ID арқылы растауды сұрауы мүмкін.
Құттықтаймыз! Сіз өзіңіздің алғашқы саудаңызды жасадыңыз!
8) Тауарды қалай бақылап отырамыз?
Тауарды төлегеннен кейін тауарыңыз жүк көлігіне тиеледі. Сондықтан тауарды бақылауды бастау үшін профильге кіріп, жүк көлігін басамыз:
Тауарыңыз төлемнен кейін бірден бірінші дөңгелекшеде қолжетімді болады ("жөнелтілуге дайындалуда"), ал егер жіберілген болса, тауар екінші дөңгелекшеде болады.
Ары қарай тауарды таңдап, көрсетілген батырманы басамыз:
Біз тапсырысты YM Trans арқылы жасадық. Сондықтан бақылау бірден Пиндуодуо қосымшасында жүрді.
Алдыңғы қадамнан кейін ақпарат мынадай түрде шықты:
Сосын тапсырыс беру нүктесіне жеткізілген кезде терезелер былай шыға бастады. Содан кейін бөлімшеге барып, тапсырысты алып кете беруге болады. Ол жерде тапсырыстың салмағы үшін төлем жасау керек болады, Kaspi QR арқылы төлем бар.
Сонымен тапсырысымыз дәл 20 күн дегенде келді. Тапсырысты 9 мамырда жасағанбыз, 29-ы келді. Керек болса, жеткізу бойынша ақпаратты WhatsApp-тағы + 705 842 26 29 нөмірі арқылы білуге болады. Мен жұмыс күні жұмыс уақытында жаздым, маған 3 минуттан кейін жауап берді.
9) Маңызды кеңестер:
1) Қазақстандағы кейбір банк карталары интернеттегі, соның ішінде Pinduoduo-дағы төлемдер үшін 3-5% жоғарылатылған кешбэк береді. Аталмыш карталардың шолуын сілтемеден оқи аласыздар. Ең қолайлысы Freedom Deposit Card немесе RBK Signature картасы деп ойлаймыз.
2) Егер тауарыңыз жеңіл әрі көлемді болса (мысалы, жастық, жұмсақ ойыншықтар, люстра т.б.), онда Қазақстанға жеткізу кг-мен емес, көлемімен, яғни текше метрімен есептеледі. Мұны есте сақтау керек, себебі мұндай жеткізу киломен өлшегенге қарағанда 2-3 есе қымбат болуы мүмкін. Мысалы: біз тік шаңсорғышқа тапсырыс беріп, жеткізу үшін 12 940₸ төледік + көлемі үшін 4 466₸ шықты, яғни барлығы 17 406₸ болды. Бұл бағаға дәл осы шаңсорғышты Kaspi-ден тапсырыс беріп, ұзақ күтпеуге болады. Тағы бір мысал: бір жыл бұрын біздің оқырмандарымыз PDD-дан 36 000₸ 3 люстра тапсырыс беріп, жеткізу үшін дәл сол соманы төлеген болатын.
3) Кез келген тауардың бетінде «сатушымен байланыс» терезесі бар. Онда сатушымен аудармашының көмегімен байланысып, өнімнің салмағы қанша екенін (жеткізу құнын шамамен түсіну үшін) немесе бойы 175 см және салмағы 75 кг болатын ер адамға қандай өлшемді киім таңдау керектігін сұрай аласыз.
4) Тауарыңыз келген пакеттерді тастамаңыз. Ондағы QR кодты сканерлесеңіз, купон алып, оны келесі тапсырыстар кезінде жеңілдік ретінде пайдалануға болады. Толығырақ. Оларды тек белгілі бір тауар түрлеріне ғана қолдануға болады.
10) Пайдалы сілтемелер
• КАРГО мекенжайын қалай қосуға болады?
• Бақылау бойынша қосымша нұсқаулықтар: 139express | JanaPost | Жеке КАРГО-лар.
• 6 таңбалы кодты ұмытып қалсаңыз не істеу керек?
• Бір дүкеннен бірнеше тауарға қалай тапсырыс беруге болады?
• Дұрыс киім өлшемін қалай таңдауға болады?
• Ұқсас тауарларды қалай іздеу керек?
• Төлем картасын қалай ауыстыруға және ескісін ауыстыруға болады? Екінші тәсілі.
• 100% брендтік тауарларды қалай жеңілдікпен сатып алуға болады?
• Қысқы күртешені қалай таңдауға болады?
• Pinduoduo жүйесіндегі Xiaomi ресми дүкені.
• Сатушыдан қалай қосымша жеңілдік алуға болады? (видео)