Bookeykhan
@bookeykhan
4 posts

Асхат Аймағамбетов: Болашақтың кілті ұстаздардың қолында

Құрметті түлектер, оқу жылы да өз мәресіне жетті. Бұл оқу жылы әлемдегі барлық оқушылар, студенттер үшін оңай болған жоқ. Дүниежүзілік білім жүйесі пандемия сияқты үлкен сынақтан өтті. Сіздердің мұғалімдеріңіз де, біз де осы жаңа жағдайға бейімделу үшін, сіздерге сапалы білім беру үшін барынша тырыстық.

Илон Маск: XXI ғасырдың сиқыршылары

Сөз бергенде есалаң деп таныстырмағаныңызға рақмет.   Мен  Сіздерге пайдалы болатындай, болашақта көмегі тиетіндей, пайдасы бар не айтуға болады деп ойландым. Ақыр соңында, осы жерге қалай тап болғаным туралы, бұның қалай болғаны туралы айтып беруді жөн көрдім. Мүмкін бұдан бір сабақ алып қаларсыздар. Кейде өзім де осындай жағдайға қалай жеттім деп таң қаламын.

Ұлы көшбасшылар қалай жігерлендіреді. Негеден баста

Көптеген дүниелердің біз ойлағандай болмауын немесе кейбір адамдардың мүмкін емес деген нәрселерді жүзеге асыратынын қалай түсіндіресіз? Мысалы, Эпл компаниясының сонша жаңашыл болуының сыры неде? Олар жыл сайын, жыл сайын өз бәсекелестерінен оқ бойы озық келеді. Бірақ Эпл көп компьютерлік компаниялардың бірі емес пе? Олардың барлығы бірдей мамандар, бірдей кеңесшілер жалдай алады, бірдей агенттіктер мен бірдей ақпарат құралдарына ие. Онда олар не үшін соншалықты өзгеше көрінеді? Неге Мартин Лютер Кинг азаматтық құқықтар қозғалысының көшбасшысы болды? Ол Америкада азаматтық құқықтар қалыптасқанға дейін жәбір көрген жалғыз адам емес. Оған қоса, ол сол кезеңнің жалғыз ораторы емес. Неге ол? Адам басқаратын ұшақты алғаш рет ағайынды...

Кішкентай ханзада

Сәлем армандас. Менің атым Тони. Саған өмірімдегі ең маңызды сәттердің бірін айтып бергім келеді. Бала кезімде кітаптан әбжыланның бір жыртқышты жұтып жатқанын көрдім. Содан жабайы жануарларға қызығып пілді жұтып қойған әбжыланның суретін салдым. Бірақ үлкендер оны қалпақ деп ойлады. Сосын оларға түсіндіру үшін әбжыланды ішінен салдым. Бірақ үлкендер маған әбжыланды сыртынан да, ішінен де салудың орнына, георграфия, тарих, есепке, заңгерлікке көңіл бөл деп ақыл айтты. Осылайша, екі суреттен кейін бетім қайтып, суретші болудан бас тартым.