Финансист №1 (33) 2024
Сауалнамадан өтіп, «Финансист» журналы туралы ойыңызды айтсаңыз
Жеке инвестициялар, брендтер мен акциялар туралы журнал
Мазмұны
- Маңызды элемент
- Сирек кездесетін металл әлемінде
- Инвесторға жадынама
- Ақпараттық графика: сирек кездесетін металдардың географияс
- Азамат Шалабаевпен сұхбат (Eurasian Resources Group)
- Мықты буын
- Қытай факторы
- Қуаттағыш қуаты
- Схеманы теріс айналдырғанда
- Ақпараттық графика: смартфондарды қандай металдан жасайды
- Чип іздеу жолында
- Сирек кездесетін металдардың Ұлы революциясы
- Жахандық өзгерістер
- Металлоинвест
- Мәңгілік құндылықтар
- Рик Ван Новенхьюзбен (Contango Ore) сұхбат
- Ураннан пайда
- Инвесторлардың жақын достары
- Ақпараттық графика: 2022 жылы алмаз өндіруші 10 үздік елдер
- Кестені толтыра отырып
- Аспандағы игіліктер
- Серпіліс элементтері
- Шағын болса да қомақты
- Мұнай мен газдан кейін
- Болашаққа көзқарас
- Ақылды инвестициялар
- Юрки Линнанкивимен (The 69 Eyes) сұхбат
- Александр Шиколаймен (Slaughter to Prevail) сұхбат
- Хроника
2024 жылғы «Финансист» журналының алғашқы санын сирек кездесетін әрі қазіргі заманғы экономикадағы аса маңызды металдарға арнадық.
Журнал беттерінде сіз осы элементтердің таралу географиясы, оларды өндіру және қолдану салалары туралы оқи аласыз, осы тауарлардың биржалық саудасында қалай ақша табуға болатынын білесіз. Біздің авторларымыз литий мен уранның автоиндустрия мен энергетикадағы рөлін атап өтті.
Біз алмазға деген сұранысты зерттеп, алтын, күміс және басқа да қымбат металдардың бағасына болжам жасадық. Журналдың осы санында сирек кездесетін метал нарығының көшбасшысы ретінде Қытайға ерекше тоқталдық.
Қазақстан мен АҚШ-тың тау-кен компанияларының басшыларымен болған сұхбаттардан, сондай-ақ біздің сарапшылардың түсініктемелерінен сирек кездесетін жер элементтері нарығының болашағы туралы білесіздер. Freedom Finance сарапшылары жария өндіруші және қайта өңдеуші компаниялардың инвестициялық тартымдылығын бағалап, осы саладағы ең қызықты стартаптарды атап өтті.
Бұл нөмірдің жұлдыздары Slaughter to Prevail көшбасшысы Александр Шиколай және The 69 Eyes фронтмені Юрки Линнанкиви болды.
Ықыласпен оқып, сәтті инвестиция жасаңыздар!
Меншік иесі: «Alteco Partners» ЖШС
Бас редакторы: Сергей Домнин
Шығарушы редактор: Наталья Харлашина
Дизайн, ақпараттық графика: Владислав Волков, Александр Гарьюсов
Әдеби редактор: Константин Полтев
Редакторлары: Анастасия Скрипниченко, Ольга Смирнова
Түзетуші: Татьяна Нарышкина
Шығарылым үйлестірушілері: Игорь Клюшнев, Вадим Меркулов, Маргарита Торшина, Дарья Тимохина, Кристина Сафиулова
Бүгінгі сандағы фотосуреттер: ашық дереккөздер, Freedom Holding Corp. Баспасөз қызметі, Midjourney, wikipedia.org және toikinzan.com сайттары, Азамат Шалабаевтың, Рик Ван Новенхьюз, The 69 Eyes және Александр Шиколайдың жеке мұрағаты
Мұқабадағы фотосурет: Александр Шиколай
Журнал ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелген. 03.07.2019 жылғы № 17775-Ж есепке қою туралы куәлік
Редакцияның мекенжайы: А15Р1М9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 127-үй, тел.: +7 (727) 339 84 41. E-mail: pr[email protected]
Басуға қол қойылды: 12.04.2024. Таралымы: 47 000 дана.
Журналдың таралымы тегін
Freedom Finance Global PLC жария компаниясы
Freedom Finance Global PLC жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсетеді. АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқауларын сақтаған кезде компания № AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес мынадай реттелетін қызмет түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша кеңес беру және инвестициялармен мәмілелерді ұйымдастыру.
Бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын иелену әрдайым тәуекелдермен ұштасады: бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының құны өсуі немесе құлдырауы мүмкін. Бұрын инвестициялау нәтижелері болашақта табысқа кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес компания салымдардың болашақтағы табыстылығына кепілдік пен уәде бермейді, сондай-ақ ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді.