@al-hanafia_al-maturidia

Жұма күні бірінші азаннан кейін сауда жасау мәселесі.
1. Имам әш-Шурунбуләли әл-Ханафи өзінің әйгілі «Мәрақи әл-Фәләх» кітабыда (жұма намаз бабында) айтты:

Жұма намазына (бірінші азан айтылғанда сауда-саттықты тоқтату міндет¹), яғни парыз. Сондай-ақ жұма намазына барудан алаңдататын немесе оған баруға кедергі келтіретін кез келген істі тоқтату қажет. Мәселен, жұмаға бара жатып сауда жасау да осыған жатады. Өйткені бұйрық жалпы түрде берілген.

(Ең дұрыс пікір бойынша), мұндағы (бірінші азан) — күн тас төбеден ауғаннан кейін айтылатын азан. Себебі жұма намазының уақыты кіргені сол азанмен хабарланады. Егер адам мінбер жанында айтылатын екінші азанды күтсе, сүннет намазын өткізіп алады. Тіпті тұратын жері алыс болса, жұма намазына да үлгермей қалуы мүмкін.

Бұл — Шәмсул-әиммә әл-Халуанидің таңдаған пікірі.

¹Сауда-саттық жұма намазының парызы оқылып біткенге дейін тоқтатылады.

2. Имам ат-Тахтауидің «Мәрақи әл-Фәләх» кітабына жазған хашиясында:

(бірінші азан айтылғанда сауда-саттықты тоқтату міндет, яғни парыз): Мәзһаб бойынша, бұл уақытта сауда жасау екі тарап үшін де мәкруһ тахрим болады. Оны «харам» деп атау да дұрыс. «Әл-Һидая» кітабында осылай айтылған. Алайда біздің мәзһабта жұма күні жасалған сауда жарамды саналады. Ғалымдардың көпшілігінің пікірі де осы. Сондықтан сатып алушыға тауардың ақысын төлеу міндеттеледі әрі тауарды қолына алмай тұрып-ақ оған меншік құқығы бекітіледі.

«Әл-Фатх» кітабында:

««Мәкруһ — фасидтен төмен», — делінген. Мұндағы «төмен» деген сөз шариғи тыйымның дәрежесіне қатысты емес, келісімшарттың бұзылмайтынына қатысты айтылған. Әйтпесе, аталған мәкруһ істердің барлығы — мәкруһ тахрим. Оларды жасаудың күнә екендігі жөнінде пікір қайшылығын білмейміз».

Имам Мәлик пен имам Ахмад жұма күні бірінші азаннан кейін жасалған сауданы жарамсыз (батыл) деп санаған. Ал неке, сыйға беру және садақа бұл үкімге кірмейді.

Мәтінде жұма намазы парыз болмаған адамның бұл үкімнен тыс қалатыны меңзелген. «Әл-Қуһистани» кітабында да осылай айтылған. Яғни жұма намазы екі тарапқа да — сатушы мен сатып алушыға — парыз болмаса, олардың сауда жасасуына рұқсат². Ал жұма намазы біреуіне парыз болып, екіншісіне парыз болмаса, екеуі де күнәға батады³. Өйткені біріншісі жұма намазына баруға тиіс уақытта сауда жасап, тыйымды бұзса, екіншісі оған осы істе көмектескен. Әл-Ғайнидің «Сахих әл-Бухариға түсіндірмесінде» осылай келтірілген.

²Яғни сатушы мен сатып алушының екеуі де жұма намазы парыз болмаған адамдардан — әйел, мүсәпір немесе тәмийз жасына жеткен бала — болса, олардың жұма күні бірінші азаннан кейін өзара сауда жасауына рұқсат.

³Мысалы, сатушы — жұма намазы парыз болмаған әйел, ал сатып алушы — жұма намазы парыз болған ер адам. Егер олар жұма намазына бірінші азан шақырылғаннан кейін сауда жасаса, екі тарап та күнәға батады.

3. Муфти Мухаммад Тақи әл-Усмани әл-Ханафи, «Фиқһу әл-Буиуғ» (1\983-294) кітабында айтты:

Кейбір фақиһтар жұма намазы үшін қажет заттарды, мысалы, суды сатып алуды саудаға салынған тыйымнан тыс қарастырған. Әд-Дәсуқи (Аллаһ оны рақымына алсын) былай деген:

«Адамның дәреті бұзылып, дәрет алуға су сатып алу қажеттілігі тумаған жағдайға қатысты. Ал ондай қажеттілік туса, оған сатып алуға рұқсат».

Содан кейін ол Әбу әл-Хасанның (Аллаһ оны рақымына алсын) мына сөзін келтіреді:

«Сатып алу мен сатуға тыйым салынуының себебі — намаз. Ал мұндай жағдайда суды сату мен сатып алу намаз оқуға мүмкіндік алу үшін жасалады. Сондықтан оған рұқсат етіледі».

Бұдан намаз оқуға мүмкіндік беретін немесе жұма намазына баруға көмектесетін заттарды жол үстінде сатуға да, сатып алуға да рұқсат екені түсініледі.

Фақиһтар бір қалада жұма намазы әртүрлі уақытта бірнеше жерде өткізілген жағдайдағы үкімді айтпаған. Өйткені әдетте жұма намазы бір жерде немесе әртүрлі жерде өткізілсе де, бір уақытта оқылатын. Ал бүгінде көптеген елдерде жұма намазын әртүрлі жерде, әртүрлі уақытта өткізу кең таралған.

Олай болса, қаланың қай жерінде азан айтылса да, ең алғашқы азаннан бастап сауда жасау мәкруһ бола ма, әлде саудаласушыларға ең жақын мешітте азан айтылғанда ғана мәкруһ бола ма? Бұл мәселеде ұстаздарымыздың пәтуалары әртүрлі болған.

Имам Ашраф Әли әт-Тәһанауи (Аллаһ оны рақымына алсын) қалада алғаш айтылған азаннан бастап сауда жасау мәкруһ болады деп пәтуа берген. Ол мұны азанға тілмен жауап беру міндетіне қияс жасаған. Өйткені адам қалада өзі алғаш естіген азанға, ол өзі тұратын ауданның мешітінде айтылмаса да, жауап беруге міндетті.

Ал ұстазымыз, ғұлама муфти Рашид Ахмад (Аллаһ оны рақымына алсын) сауда жасау өзі тұратын ауданның мешітінде азан айтылған кезде мәкруһ болады деп пәтуа берген. Себебі мешітке бару арқылы азанға жауап беру сол азанмен ғана міндеттеледі.

Сырттай қарағанда, басым пікір — осы. Өйткені фақиһтар саудаға тыйым салынуын оның міндетті болған жұмаға баруға кедергі келтіруімен түсіндірген. Адам жұманы өзінің жақын мешітінде оқитын болса әрі ол мешітте әлі азан айтылмаса, қаланың ең шетінде азан айтылуымен оған жұмаға бару міндетті болады деу қисынды емес. Себебі Аллаһ Тағала жұмаға бару міндетін шариғи міндет жүктелген адамға бағытталған азанмен байланыстырған. Ал бұл — ол жұма намазын оқитын мешіттің азаны. Анығын Аллаһ Тағала жақсы біледі.

Сондай-ақ кейбір ханафи ғалымдары жұмаға бара жатқан екі адамның жүріп келе жатып саудаласуын тыйымнан тыс қарастырған. Өйткені бұл жұмаға баруға кедергі келтірмейді. Алайда бұл мәселеде де пәтуалар әртүрлі болған. Сондықтан аса қажеттілік болмаса, мұндай саудадан сақтынған жөн.

Кейбір саудагерлер жұма азанынан кейін де дүкендерін жаппауды әдетке айналдырған. Олар мұны бір дүкенде жұмыс істейтіндердің әртүрлі мешіттерде, әртүрлі уақытта кезектесіп жұма намазын оқитынымен, сондықтан ешқайсысының жұма намазын өткізіп алмайтынымен ақтайды.

Алайда мұндай әрекетке рұқсат етілмейтіні байқалады. Өйткені бұл барлық сатып алушыларға азаннан кейін сауда жасауға мүмкіндік береді. Олардың арасында саудамен айналысуы өздеріне міндетті болған жұмаға баруға кедергі келтіретіндіктен, сауда жасауын рұқсат етілмейтін адамдар да бар. Фақиһтар мұндай жағдайда келісім жасасқан екі тараптың да күнәға бататынын айтқан.

Әш-Ширази (Аллаһ оны рақымына алсын) «әл-Муһаззаб» еңбегінде былай деген:

«Егер екі адам саудаласып, олардың біріне жұма намазы парыз болып, екіншісіне парыз болмаса, екеуі де күнәға батады. Өйткені біріне парыз жүктелгенімен, ол басқа іспен айналысып, парызын орындаудан қалды, ал екіншісі оны сол парыздан алаңдатты».

Меніңше, Аллаһ Тағаланың ﴾Уа, иман келтіргендер! Жұма күні азан айтылып намазға шақырылғанда, дереу (құтба тыңдап, намаз оқу арқылы) Аллаһты зікір етуге асығыңдар, шаруаларың мен сауда-саттықты доғара тұрыңдар﴿ деген сөзі жеке адамның әрекетіне ғана тыйым салумен шектелмейді. Ол осы уақытта бүкіл қоғам көлемінде сату мен сатып алуды тоқтатуды білдіреді. Өйткені жұма — Исламның айқын нышандарының бірі, сондықтан оның қоғамға ортақ көрінісі болуы тиіс.

Ал жұма намазы міндетті емес адамдарға сату мен сатып алуға рұқсат бергендердің сөзі жекелеген адамдарға қатысты ерекшелік ретінде қарастырылады. Мұны жалпы қағидаға айналдырып, тіпті кезектесу арқылы болса да, базарларды ашық ұстауға негіз етуге болмайды. Анығын Аллаһ Тағала жақсы біледі.

Ресей–Украина соғысына қатысудың және әскерге алынудан құтылу үшін пара берудің үкімі.
Сұрақ:

Бүгінде Ресей бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі қуатын қалпына келтіруге ұмтылып, Орталық Азиядағы тәуелсіз мемлекеттерді өзіне қосып алуға ниеттеніп отыр. Осыған байланысты Украинаға қарсы соғысқа он сегіз бен алпыс үш жас аралығындағы азаматтарды мәжбүрлеп әскерге алу жалғасып жатқанын естіген боларсыздар.

Ресейде және оған қарасты аймақтарда мұсылмандар көп тұрады. Оларды да әскерге шақырып, бас тартқандарын түрмеге қамап жатыр. Осыған орай төмендегі мәселелер бойынша шариғатқа сай жол көрсетуіңізді сұраймыз:

Мұсылмандарға Ресей әскерінің құрамында Украинаға қарсы соғысуға бола ма?

Әскерге алынудан құтылу үшін пара беруге бола ма?

Қосымша түсіндірме:

Ресейдің Украинаға қарсы соғысындағы мақсаты — Украина аумағын күшпен басып алу. Украинадағы соғыстан кейін Әзербайжан, Грузия және Қазақстан секілді өзге елдер де кезекте тұр.

Бұл соғыс шариғаттың, яғни Исламның мүддесі үшін жүргізіліп жатқан жоқ. Екі мемлекет тұрғындарының басым бөлігі — христиандар. Алайда Татарстан, Дағыстан, Шешенстан, Ингушетия және Ресейдің басқа аймақтарында да мұсылмандар аз емес. Аталған аймақтар Ресейден тәуелсіздік ала алмай, оның құрамында қалып отыр. Қазір сол жерлердегі мұсылмандар Ресей жағында Украинаға қарсы соғысуға мәжбүрленуде.

Тәуелсіз мемлекеттердің ешқайсысы Ресейге әскери көмек көрсетіп отырған жоқ. Соған қарамастан кейбір мұсылмандар Ресей жағында өз еркімен соғысқа қатысқысы келеді.

Жауап:

Әр елдің мұсылман азаматтары өз елінің және үкіметінің шариғатқа қайшы келмейтін заңдарына бағынып, діни міндеттерін орындауға, сондай-ақ елінің әдепті, адамгершілігі мол әрі заңға бағынатын азаматтары болуға тиіс.

Алайда елдің заңдары діннің негізгі қағидаларына қайшы келіп, мұсылмандар сол заңдарға бағынуға мәжбүрленсе, олар діни сенім бостандығы жөніндегі негізгі құқықтарына сүйеніп, тиісті органдарға өз уәждерін білдіруі және шариғатқа қайшы заңдар мен бұйрықтарды орындаудан бас тартуы керек. Бұл — дүниежүзіндегі әрбір елде әр дін өкілінің құқығы. Мұсылмандардың осы құқыққа халықаралық заңдар аясында қол жеткізу үшін барлық заңды әрі орынды әрекетті жасауы — аса маңызды міндет.

Сұраққа осы негізгі қағида тұрғысынан төмендегідей жауап беріледі:

1. Ресей әскерінің құрамында соғысқа қатысу туралы

Ресей мен Украина арасындағы соғыс мұсылман емес екі күштің арасындағы соғыс болғандықтан, мұсылмандардың оған қатысуына шариғат бойынша рұқсат жоқ. Сондықтан мұсылмандар ұлттық және халықаралық заңдар аясында бұл соғысқа қатысудан босатылуға ұмтылуы керек. Негізгі шариғи үкім — осы.

Алайда мемлекет мұсылмандарды соғысқа қатысуға мәжбүрлеп, қатыспаған жағдайда олардың өміріне, мал-мүлкіне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қауіп төнетініне негізді қорқыныш болса, олар қарапайым азаматтар атқаратын қызметтер шегінде ғана қатысуы керек. Мүмкіндігінше тікелей ұрысқа қатысудан сақтануға тиіс.

Ал қарулы соғысқа қатысуға мәжбүрленсе, мұндай мәжбүрлік жағдайында шариғатта жеңілдік бар. Бұл істің негізінде рұқсат етілмейтінін ескере отырып, соғысқа қатысуына болады.

2. Әскерге алынудан құтылу үшін пара беру туралы

Егер жоғарыда аталған мұсылман емес елдің әскеріне алынудан және соғысқа қатысудан пара беру арқылы құтылу мүмкін болса, фиқһ ғалымдары мұндай жағдайда жеңілдік берген әрі пара берушіні мәжбүр болған адам деп есептеген.

«Шарх әс-Сияр әл-Кәбир» еңбегінде былай делінген:

«Мұсылмандардың мүшріктермен бірге өзге мүшріктерге қарсы соғысуы жөн емес. Өйткені екі топ та — шайтанның тобы. Ал шайтанның тобы — зиянға ұшыраушылар. Сондықтан мұсылманның сол екі топтың біріне қосылып, олардың санын көбейтуі және оларды қорғау үшін соғысуы жөн емес. Себебі мұндай жағдайда үстем болатын — ширктің билігі. Ал мұсылман ширктің билігін үстем ету үшін емес, ақиқат иелеріне жәрдем беру үшін соғысады».

«Ислам иелерінің мүшріктермен бірге мүшріктерге қарсы соғысуы» тарауы, 1515-бет. Баспа: «әш-Шәрика әш-Шарқия лил-Иғланат».

Және былай делінген:

«Егер соғысушы елдің адамдары қолдарындағы мұсылман тұтқындарға: “Бізбен бірге мүшрік дұшпанымызға қарсы соғысыңдар”, — десе және тұтқындар бұған көнбеген жағдайда өз өмірлеріне қауіп төнеді деп қорықпаса, олармен бірге соғысулары жөн емес. Өйткені мұндай соғыс ширкті үстем етеді. Соғысушы адам өз өмірін қатерге тігеді. Бұған дінді үстем ету немесе өзін қорғау ниеті болғанда ғана рұқсат беріледі.

Ал егер олар қарсы жақтағы адамдардан өз өмірлері үшін қауіптенсе, соларға қарсы соғысуларының оқасы жоқ. Өйткені бұл жағдайда олар өздерін өлім қаупінен қорғайды. Егер қолында тұтқында отырған адамдардан қауіптенбесе, бірақ қарсы жақтың қолына түссе, өмірлеріне қауіп төнетінінен қорықса, өздерін қорғау үшін соғысуларына рұқсат.

Сондай-ақ оларға: “Бізбен бірге мүшрік дұшпанымызға қарсы соғысыңдар, әйтпесе сендерді өлтіреміз”, — десе, өздерін қорғау үшін соғысуларының оқасы жоқ. Өйткені бұл жағдайда олар өздерін өлім қаупінен қорғайды».

«Ислам иелерінің мүшріктермен бірге мүшріктерге қарсы соғысуы» тарауы, 1516-бет. Баспа: «әш-Шәрика әш-Шарқия лил-Иғланат».

«Кувейт фиқһ энциклопедиясында» былай делінген:

«Ханафи ғалымдары параны төрт түрге бөлген:

а) Қазылық немесе билік қызметіне тағайындалу үшін берілетін пара. Бұл — алушыға да, берушіге де харам.

ә) Қазының үкім шығару үшін пара алуы. Үкімі әділ болған күннің өзінде, бұл — алушыға да, берушіге де харам. Өйткені үкім шығару — қазының міндеті.

б) Біреудің билік алдындағы ісін реттеп, одан зиянды кетіру немесе оған пайда келтіру үшін ақша алу. Бұл жағдайда ақша алу тек алушыға харам.

в) Қазының немесе билеушінің қызметкері емес адамға өзіне тиесілі ақысын алып беруі үшін ақша беру. Мұндай ақшаны беруге де, алуға да рұқсат. Өйткені бір адамның екінші адамға ақысыз жәрдемдесуі міндет болғанымен, осы жәрдемі үшін алған ақшасы қызмет ақысы ретінде қарастырылады».

«Параның түрлері» бөлімі, 22-том, 222-бет. Баспа: «Дар әс-Сәләсил», Кувейт.

Аллаһ жақсырақ білуші.

Биннури, Каратчи, Пакистан

«Дарул-Ифта джәмиғату әл-улум әл-исламия».

Шұлыққа мәсіх тартудың рұқсат болу шарттары.
Шейх Абдул-Хамид ат-Таһмаз әл-Ханафи өзінің «әл-Фиқһу әл-Ханафи фи сәубиһи әл-джәдид» кітабында «мәсіге мәсіх тарту бабында» айтты:

Шұлыққа мәсіх тартуға рұқсат. Алайда ол өткен ізгілер мәсіх тартқан шұлықтар секілді мына шарттарға сай болуы керек:

(Киген кезде аяқтың) терісі көрінбейтіндей қалың болуы;

Онымен аяқкиімсіз бір фарсах (шамамен 5 шақырым) немесе одан да көп қашықтық жүруге болатын болуы;

(Мәсіх тартқан уақытта) судың ылғалын аяққа өткізбеуі.

Қазіргі кезде шығарылатын шұлықтарда бұл шарттар сирек кездеседі.

Бұрын шұлық былғарыдан жасалып, аяқтан балтырға дейін киілетін, бірақ пішіні мәсіге ұқсамайтын. Сондай-ақ ол ширатылған жүн жіптен тоқылып, тобықтан жоғарыға дейін киілетін.

Имамдар астындағысы көрініп тұратын жұқа шұлықтарға мәсіх тартуға болмайтынына бірауыздан келіскен.

Шұлыққа мәсіх тартуға болатындығының дәлелі — Муғира ибн Шуғбадан жеткен мына риуаят:

«Пайғамбар ﷺ дәрет алып, шұлықтары мен сандалдарына мәсіх тартты»¹.

Сондай-ақ Абдуллаһ ибн Масғудтың шұлықтары мен сандалдарына мәсіх тартқаны риуаят етілген.

¹Мәсіх сандалға емес, қалың шұлыққа тартылған.

Екі мәсіге және соларға ұқсас басқа да аяққа киілетін нәрселерге мәсіх тарту туралы.
Кіші дәретсіздік кезінде екі мәсінің үстіңгі жағына, ал бір аяғы бар адамның бір мәсісіне мәсіх тартуы дұрыс. Бұл үкім ерлер мен әйелдерге, сапарда да, тұрғылықты жерде де қолданылады. Мәсілер мақта не жүн, киіз, шұға немесе кенеп сияқты қалың материалдан жасалған болса да, төмендегі шарттармен олардың үстінен мәсіх тартуға болады. Олардың былғары табанының болуы не болмауы шарт емес.

Екі мәсіге және соларға теңестірілген аяқкиімге мәсіх тартудың рұқсат болуы үшін тоғыз шарт қойылады:

Бірінші шарт: мәсілерді екі аяқты жуғаннан кейін кию. Аяқтар үкім жүзінде жуылған болып саналса да жеткілікті. Мысалы, адам екі аяғындағы (жарақатқа таңылған) таңғышқа мәсіх тартса немесе бір аяғындағы таңғышқа мәсіх тартып, екінші аяғын жуса, содан кейін мәсілерін кисе, үзірі сақталған уақыт бойы, белгіленген мәсіх мерзімі ішінде, мәсілеріне мәсіх тарта алады. Өйткені (жарақатқа таңылған) таңғышқа мәсіх тарту аяқты жуумен тең саналады.

Мәсілерді дәрет толық аяқталмай тұрып киюге де болады. Бірақ дәретті бұзатын жағдай орын алмай тұрып, дәретті толық аяқтау шарт (яғни, алдымен екі аяғын жуып, мәсісін киеді де, содан кейін дәреттің қалған мүшелерін жуып, дәретін толық аяқтайды. Алайда мәсісін кигеннен кейін, дәретін толық аяқтамай тұрып дәреті бұзылса, мәсісін шешіп, қайта дәрет алғанда аяқтарын да қайта жууы керек).

Екінші шарт: мәсілердің екі тобықты жан-жағынан жауып тұруы. Мәсінің (кең болу себепті) жоғарғы жағынан (қарағанда) аяқтың көрінуі кедергі емес.

Үшінші шарт: мәсілермен үстінен басқа аяқкиім кимей-ақ, қиналмастан, әдеттегі жүріспен бір фарсах (шамамен 5598,75 метр) немесе одан да ұзақ қашықтықты жүріп өтуге жарамды болуы. Сондықтан ағаштан немесе темірден жасалған мәсіге мәсіх тартуға болмайды.

Төртінші шарт: мәсілердің әрқайсысында аяқтың ең кіші үш саусағының көлеміндей (астындағы аяқтың терісі көрініп тұратын ашық) жыртықтың болмауы.

Бесінші шарт: мәсілердің аяқта байлаусыз тұруы.

Алтыншы шарт: мәсілерге мәсіх тартқанда, олардың суды аяққа өткізбеуі. Яғни қалың болғандықтан, су өзінен өтіп кетпеуі керек. Ал шұлыққа келсек, ол астында аяқ терісі көрінетіндей жұқа әрі арғы жағын көрсететіндей мөлдір болмауы шарт.

Жетінші шарт: аяқтың алдыңғы бөлігінен қолдың ең кіші үш саусағының көлеміндей жер қалуы (мәсіх тартылатын орында парыз болған мөлшер сақталуы үшін. Егер аяқ тобықтан жоғары жерден кесілген болса, қалған аяқтағы мәсіге мәсіх тартуға болады). Егер екі аяқтың да алдыңғы бөлігі жоқ болса, өкшелері сақталған күннің өзінде мәсілеріне мәсіх тарта алмайды.

Сегізінші шарт: мәсі киген кездегі тазалықтың тәяммум арқылы алынбаған болуы. Егер тәяммумнан кейін мәсісін киіп, содан соң су тапса, мәсісіне мәсіх тартуына болмайды. Аяқтарын жууы міндет.

Тоғызыншы шарт: мәсіх тартушының жүніп болмауы.

Тұрғылықты адам бір тәулік, ал жолаушы үш күн және үш түн бойы мәсіх тартады.

Мәсіх мерзімі мәсілерді дәретті күйде кигеннен кейін алғаш дәрет бұзылған сәттен басталады. Яғни дәретті бұзатын жағдайдың аяқталған кезінен емес, басталған кезінен есептеледі. Мысалы, ұйықтап қалса, мерзім оянған кезінен емес, ұйқыға кеткен сәтінен басталады. Тіпті мәсіх мерзімін түгелдей ұйқымен, есінен айырылған немесе талып қалған күйде өткізсе де, мәсінің күші жойылады.

Егер тұрғылықты адам мәсіх тартып, өзіне белгіленген мерзім аяқталмай тұрып сапарға шықса, мүсәпірдің мәсіх мерзімін толықтырады (яғни, үш тәулік). Ал жолаушы тұрғылықты болса, бір тәуліктік мерзімді толықтырады.

Мәсіхтің парызы: әр аяқтағы мәсінің алдыңғы үстіңгі жағына ұзындығы мен ені жағынан қолдың ең кіші үш саусағының көлеміндей жерге бір рет мәсіх тарту. Егер мәсіх тартылатын жерге үш саусақ көлеміндей су немесе жаңбыр тисе де, жеткілікті.

Мәсіхтің сүннеті: қол саусақтарының арасын ашып, аяқ саусақтарының ұшынан балтырға қарай жүргізу.

Мәсіхті бұзатын нәрселер жетеу, тіпті одан да көп:

Дәретті бұзатын кез келген жағдай.

Мәсіні, тіпті біреуін ғана болса да, шешу. Аяқтың көп бөлігінің мәсінің қонышына шығып кетуі де мәсінің шешілуіне жатады. Өкшенің көп бөлігін қонышқа әдейі шығару мәсіхті бұзады, ал (жүрген уақытта) өздігінен шығып кетуі бұзбайды.

Мәсінің ішінде бір аяқтың немесе екі аяқтың да көп бөлігіне су тиюі (өйткені аяқты жуу мен мәсіх тарту бір жерге жиналмайды).

Мәсіх мерзімінің аяқталуы. Тіпті әлі мәсіх тартпаған болса да, мерзімнің бітуі оның үкімін тоқтатады. Бірақ қатты суықтан аяғынан айырылып қалу қаупі басым болса, бұл үкім қолданылмайды (егер суықтан аяғынан немесе оның бір бөлігінен айырылып қалудан қорықса, қауіп сейілгенге дейін мәсіх тарта беруіне болады).

Мәсіхке кедергі болатын мөлшерде жыртық пайда болуы (яғни, мәсіхке кедергі болатын жыртық мәсіхті бұзады. Ол — астындағы аяқ көрініп тұратын, аяқтың ең кіші үш саусағының көлеміндей жыртық) немесе мәсінің сонша жері жұқарып (яғни, мәсінің мәсіхке кедергі болатын жыртық көлеміндей жерінің жұқаруы), белгіленген мерзім бойы онымен үздіксіз жүруге жарамай қалуы.

Үзірлі адам мәсісін үзірі бар кезде киген болса, намаз уақытының шығуы.

Таңғышқа мәсіх тартқан адамның жарақатының жазылуы. Яғни ол дәрет алып, таңғышына мәсіх тартып, содан кейін мәсісін киіп, артынша жарақаты жазылса, мәсіхінің күші жойылады.

Мәсіні шешкеннен, аяқтың көп бөлігі суланғаннан, мәсіх мерзімі аяқталғаннан, мәсіхке кедергі болатын жыртық пайда болғаннан немесе таңғышқа мәсіх тартқан адамның жарақаты жазылғаннан кейін тек екі аяғын ғана жуады (егер дәреті бар болса, дәреттің қалған мүшелерін қайта жууы қажет емес. Өйткені бұрынғы дәретсіздіктің үкімі тек екі аяғына қатысты болады).

Сәлдеге, тақияға, ниқабқа және қолғаптарға мәсіх тартуға болмайды.

Имам Әләуд-Дин ибн Мухаммад Әмин Әбидин әл-Ханафи, «әл-Һадийяту әл-Ғәләия», 53-56 бет.

Мысықты сату және стаып алу мәселесі.
Әли ибн Хужр мен Әли ибн Хашрам, екеуі Иса ибн Юнус бізге әл-Ағмаштан, ол Әбу Суфияннан, ол Джәбирден:

«Аллаһ Елшісі ﷺ ит пен мысықты сатудан түскен ақшаны алуға тыйым салды».

Имам әт-Термизи айтты: «Бұл хадистің иснадында қайшылық (идтираб) бар. Сондай-ақ бұл хадис әл-Ағмаштан, оның кейбір серіктері арқылы Джәбирден риуаят етілген. Осы хадисті әл-Ағмаштан жеткізушілер оны әртүрлі жолмен, өзара қайшылықпен риуаят еткен.

Бірқатар ғалымдар мысықты сатудан түскен ақшаны алуды құптамаған, ал кейбірі оған рұқсат берген. Ахмад пен Исхақ та рұқсат бергендердің қатарында.

Ибн Фудайл бұл хадисті басқа жолмен: әл-Ағмаштан, ол Әбу Хазимнен, ол Әбу Һурайрадан, ол Пайғамбардан ﷺ риуаят еткен».

Яхия ибн Муса, ол Абдур-Раззақтан, ол Омар ибн Зәйд әс-Санғаниден, ол Әбу әз-Зубәйрден, ол Джәбирден:

«Аллаһ елшісі ﷺ мысықтың етін жеуге және оны сатудан түскен ақшаны алуға тыйым салды».

Имам әт-Термизи айтты: «Бұл — ғариб хадис. Омар ибн Зәйдтен Абдур-Раззақтан басқа риуаят еткен ешкімді дерлік білмейміз.

1. Имам Бадруд-Дин әл-Ғайни әл-Ханафи өзінің әйгілі «әл-Биная шарх әл-Һидая» (12\85) кітабында айтты:

Егер сен: «Мысықты сатуға қатысты үкім қандай?» — деп сұрасаң, мен былай жауап беремін:

Ат-Тахауи мен әт-Тирмизи Әбу Суфиянның Джәбирден жеткізген мына хадисін риуаят еткен: «Пайғамбар ﷺ ит пен мысықты сатудан түскен ақшаны алуға тыйым салды». Содан кейін әт-Тирмизи: «Бұл хадистің иснадында қайшылық (идтираб) бар», — деген.

Сондай-ақ әт-Тирмизи Әбу әз-Зубәйрдің Джәбирден жеткізген: «Аллаһ елшісі ﷺ мысықтың етін жеуге және оны сатудан түскен ақшаны алуға тыйым салды», — деген хадисін риуаят етіп: «Бұл — ғариб хадис», — деген.

Муслим Әбу әз-Зубәйрден мына риуаятты жеткізген: «Мен Джәбирден ит пен мысықты сатудан түскен ақша жайында сұрадым. Ол: “Пайғамбар ﷺ бұған тыйым салған”, — деп жауап берді».

Ән-Нәсәи де осы хадисті мына сөздермен риуаят еткен: «Аңшы иттен басқа ит пен мысықты сатуға тыйым салды». Ән-Нәсәи оны келтіргеннен кейін: «Бұл — мүнкәр хадис», — деген.

Ғалымдар мысықты сатуға бола ма деген мәселеде әртүрлі пікір айтқан. Бір топ оны сатуға да, одан түскен ақшаны алуға да рұқсат берген. Ғалымдардың көпшілігі осы пікірде. Хасан әл-Басри, Мухаммад ибн Сирин, әл-Хакам, Хаммад, Мәлик, Суфиян әс-Сәури, Әбу Ханифа және оның шәкірттері, әш-Шафиғи, Ахмад пен Исхақ та осыны ұстанған.

Ибн әл-Мунзир: «Ибн Аббастың мысық сатуға рұқсат бергені бізге жеткен», — деген. Сондай-ақ ол: «Бір топ оны сатуды құптамаған. Бұл пікір Әбу Һурайрадан, Тауыс пен Мужаһидтен жеткен. Джәбир ибн Зәйд те осы пікірді ұстанған», — дейді.

Мысықты сатуға рұқсат бергендер оған тыйым салынған хадиске бірнеше жауап айтқан:

Хадис әлсіз деген жауап. Алайда бұл тұжырым теріске шығарылған.

Хадистегі тыйым жабайыланып кеткен, сатып алушыға ұстап тапсыру мүмкін емес мысыққа қатысты деген түсіндіру. Әл-Бәйһақи «әс-Сунан» еңбегінде кейбір ғалымдардан осы пікірді жеткізген.

Бұл тыйым Исламның бастапқы кезеңінде, мысық нәжіс деп есептелген кезде болған деген пікір. Кейін оның ішкенінен қалған су таза деп үкім берілгенде, оны сатудан түскен ақша да адал болған. Әл-Бәйһақи бұл пікірді де кейбір ғалымдардан жеткізген.

Тыйым харамдықты емес, мәкруһтықты білдіреді деген түсіндіру. Муслим жеткізген риуаяттағы «сөкті» сөзі тыйымның жеңілірек екенін аңғартады, сондықтан ол харамдықты емес, істемеген абзал екенін білдіреді делінген. Ал Ибн Хазм, керісінше: «Сөгу — тыйымның ең қатаң түрі», — деген. Бұл екі тұжырымның да талқылауды қажет ететін тұстары бар екені анық.

Бұл хадиске Әбу Һурайра мен Ибн Аббастан жеткен, Пайғамбардың ﷺ мысықтың ақысын алуға рұқсат бергені туралы риуаят қайшы келеді деген жауап. Ибн Хазм кейбіреулерден осы пікірді келтіріп, кейін оны ұзақ талдау арқылы теріске шығарған.

Мысық пен ұстауға рұқсат етілген иттің мұраға, өсиетке және меншікке қатысты үкімдерге кіретініне ижмағ бар болғандықтан, оларды сатуға да болады деген дәлел. Ибн Хазм кейбіреулерден бұл пікірді де жеткізіп, оны да теріске шығарған.

Ән-Нәуауи былай деген:

«Негізге алынатын жауап — тыйым пайдасы жоқ мысыққа қатысты немесе адамдар оны сыйға беруге және уақытша пайдалануға беруге дағдылансын деген мақсаттағы (тәнзиһ) мәкруһтық тыйым».

2. Муфти Мухаммад Тақи әл-Усмани әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің «Тәкмиләту Фатхил-Мулһим» кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

Мысықты сатуды харам деп санағандар осы хадисті дәлел еткен. Мұндай пікір Әбу Һурайрадан, Тауыс, Муджаһид және джәбир ибн Зәйдтен жеткен. Ибн Хазм да «әл-Мухалла» еңбегінде (9:13) осы пікірді ұстанған.

Төрт имам және өзге ғалымдардың көпшілігі мысықты сатуға рұқсат берген. Олар осы тараудағы хадистің тыйымын харамдықты емес, (тәнзиһ) мәкруһтықты білдіреді деп түсіндірген. Бұл — осы мәселеде айтылған пікірлердің ең дұрысы.

Кейбір ғалымдар осы хадиске басқа да түсіндірмелер ұсынған. Бір пікір бойынша, хадистегі мысық туралы бөлік әлсіз. Алайда ән-Нәуауи, әл-Ғайни және басқа ғалымдар иснадының мықтылығына байланысты бұл пікірді теріске шығарған.

Тағы бір пікір бойынша, хадис ұстап, сатып алушыға тапсыру мүмкін емес жабайы мысыққа қатысты. Ал басқа бір пікірде бұл тыйым Исламның бастапқы кезеңінде, мысық нәжіс деп есептелген кезде болған; кейін оның таза екені туралы үкім берілген соң, оны сатудан түскен ақша да адал болған делінеді.

Әл-Бәйһақи «әс-Сунан» еңбегінде (6:11) осы соңғы екі пікірді келтіріп: «Бұл екі пікірдің ешқайсысына айқын дәлел жоқ», — деген.

Дұрысы — жоғарыда айтқанымыздай, тыйым (тәнзиһ) мәкруһтықты білдіреді. Мұның мақсаты — адамдарды мысықты сыйға беруге және уақытша пайдалануға беруге дағдыландыру.

3. Муфти Асғар Әли ар-Раббани әл-Ханафи «Джәмиғу әт-Термизи уә әл-мәзһәб әл-Ханафи» кітабында (1279-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:

Бұл тыйым ешбір тұрғыдан пайдасы жоқ мысықты сатуға қатысты деп немесе (тәнзиһ) мәкруһтықты білдіретін тыйым деп түсіндіріледі.

Итті сатудан түскен ақша мәселесін бұған дейін қарастырғанбыз, сол жерден қараңыз. Біздің ханафи ғалымдарымыз да осы пікірді ұстанады.

Итті сату және сатып алу мәселесі.
Мухаммад ибн Рафиғ бізге Абдурраззақтан, ол Мағмардан, ол Яхия ибн Әби Кәсирден, ол Ибраһим ибн Абдуллаһ ибн Қаризден, ол Саиб ибн Язидтен, ол Рафиғ ибн Хадижден Аллаһ Елшісінің ﷺ мына сөзін жеткізді:

«Қан алушының (хижама жасаушының) табысы — лас, жезөкшеліктен түскен ақы — лас, итті сатудан түскен ақша — лас».

Имам әт-Термизи айтты:

«Бұл тақырыпта Омардан, Ибн Масғудтан, Джәбирден, Әбу Һурайрадан, Ибн Аббастан, Ибн Омардан және Абдуллаһ ибн Джағфардан да хадистер жеткен.

Рафиғтың хадисі — хасан-сахих.

Ғалымдардың көпшілігі осы хадиске сай амал етіп, итті сатудан түскен ақыны мәкруһ санаған. Бұл — Шафиғи, Ахмад және Исхақтың пікірі.

Ал кейбір ғалымдар аңшы итті сатуға рұқсат берген».

1. Имам Кәмәл Ибн әл-Һумам әл-Ханафи өзінің әйгілі «Фатху әл-Қадир» (6\346) кітабында айтты:

Имам әл-Марғинани оған екі тұрғыдан қарсы дәлел келтірген. Біріншісі — Пайғамбардың ﷺ аңшы ит пен мал бағатын иттен басқа иттерді сатуға тыйым салғаны туралы риуаят. Алайда дәл осы сөздермен келген риуаят — ғариб.

Иә, әт-Тирмизи Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар ﷺ аңшы иттен басқа иттерді сатудан түскен ақыны алуға тыйым салды», — деген риуаятты келтіріп, оны әлсіз деп бағалаған. Ол: «Бұл Джәбирден де Пайғамбарға ﷺ телініп риуаят етілген, бірақ оның иснады сахих емес. Ал сахих хадистерде мұндай ерекшелік жоқ», — деген.

Алайда Әбу Ханифа өзінің «Муснадында» Һайсамнан, ол Икримадан, ол Ибн Аббастан (Аллаһ екеуіне разы болсын): «Аллаһ елшісі ﷺ аңшы итті сатудан түскен ақыны алуға рұқсат берді», — деген риуаятты жеткізген. Мұның иснады жақсы. Өйткені Ибн Хиббан Һайсамды «әс-Сиқат» кітабында табиғиндердің сенімді, риуаятты берік жеткізушілерінің қатарында атаған.

Демек, олардың ұстанымы бойынша, бұл хадис жалпы үкімді нақтылауға жарайды. Нақтылаушы дәлел жалпы мәтінмен не көзделгенін түсіндіретіндіктен, олардың пікірінше, ол жалпы мәтіннен дәлелдік күші жағынан төмен болса да, онымен нақтылауға болады. Тіпті олар мағынасы кесімді жалпы мәтінді әуел бастан ахад хабармен нақтылауға рұқсат берген. Осылайша, олардың ит сатуға тыйым барлық итті қамтиды деген тұжырымы теріске шығады.

Одан кейін жалпы үкімнен ерекшелеуші дәлелдің негізіндегі себеп анықталып, сол себеп арқылы басқа жағдайлар да жалпы үкімнен шығарылады. Аңшы иттің тыйымнан шығарылу себебі айқын: ол — пайдаға жарайтын ит. Ал тек аң аулауға арналған болуының жеке ерекшелігі есепке алынбайды, өйткені үкімді тек сонымен шектеуге негіз көрінбейді.

Сөйтіп, аң аулауға, күзетуге немесе мал бағуға пайдаланылсын, пайдаға жарайтын ит жалпы тыйымнан тыс болады.

2. Ғұлама имам Сираджуд-Дин Әбу Хафс Умар әл-Ғазнауи әл-Ханафи өзінің әйгілі «әл-Ғуррату әл-Мәнифа» кітабында (89-90 бетте) айтты:

Мәселе: Үйретілген аңшы және күзетші итті сату Әбу Ханифаның пікірінше рұқсат, ал Шафиғидің пікірінше рұқсат емес.

Әбу Ханифаның дәлелі: Пайғамбар ﷺ: «Аңшы ит пен мал бағатын иттен басқа иттерді сатуға тыйым салды».

Ат-Тахауи Амр ибн Шуғайбтан, ол әкесінен, ол атасынан жеткізген риуаятта Абдуллаһ ибн Амрдың (Аллаһ оған разы болсын) аңшы итті өлтірген адамға қырық дирһам өтем төлеуді міндеттегені айтылған.

Сондай-ақ ат-Тахауи Атаадан: «Итті сатудан түскен ақыны алудың оқасы жоқ», — деген сөзді жеткізген. Ал Атааның өзі Пайғамбардан ﷺ итті сатудан түскен ақының харам табысқа жататынын риуаят еткен. Риуаятшының өзі жеткізген риуаятқа қайшы пәтуа беруі оның көзқарасында сол үкімнің күші жойылғаны анықталғанын көрсетеді.

Ат-Тахауи Ибн Шиһабтан да: «Ит өлтірілсе, оның құны бағаланып, өлтірген адам сол құнды өтейді», — деген сөзді жеткізген. Міне, әз-Зуһри итті сатудан түскен ақының харам табысқа жататынын риуаят ете тұра, осылай деген. Демек, бұл оның көзқарасында тыйымның күші жойылғанын көрсетеді.

Ибраһимнен: «Аңшы итті сатудан түскен ақыны алудың оқасы жоқ», — деген сөз жеткен. Мәликтің үйретілген аңшы итті, егін күзететін және мал бағатын итті сатуға рұқсат бергені де риуаят етілген. Сондай-ақ Османның (Аллаһ оған разы болсын) үйретілген аңшы итті мәһір ретінде беруге рұқсат етіп, оны өлтірген адамға жиырма түйе өтем төлеуді міндеттегені жеткізілген.

Өйткені ит — күзетуге және аң аулауға пайдаланылатын мүлік. Аллаһ Тағала: ﴾Оларға былай деп айт: «Сендерге таза әрі денсаулыққа зиянсыз азық атаулының бәрі адал етілді. Аллаһтың өздеріңе үйреткені бойынша аң аулауға баулыған жануарларыңның өздеріңе ұстап әкелгендерін жеңдер. Оларды аңға салғандарыңда, «бисмиллә» деп Аллаһтың атын атаңдар﴿ — деген («әл-Мәида» сүресі, 4-аят).

Сондықтан итті сату қабылан мен аңшы қаршығаны сатуға қияс етіліп, рұқсат саналады. Оларды біріктіретін негіз — қажеттілікті өтеу. Итке қажеттілік бар әрі адамдар оны ақысыз беруге қимайтындықтан, оны тек ақысына ғана алуға болады. Осы себепті оны сатуға рұқсат беру қажеттілігі туындайды.

Шафиғидің дәлелі: Пайғамбардың ﷺ: «Итті сатудан түскен ақша — лас» , — деген сөзі. Демек, ол харам болады. Өйткені Аллаһ Тағала: ﴾лас һәм зиянды нәрселерді харам қылады﴿, — деген («әл-Ағраф» сүресі, 157-аят).

Жауап: Бұл хадис Исламның алғашқы кезеңіне қатысты деп түсіндіріледі. Сол кезде адамдарды әдетке айналдырған ит ұстаудан арылту көзделген. Осыған байланысты иттерді өлтіру және ит жалаған ыдысты жеті рет жуу бұйырылған. Кейін олар ит ұстау әдетін тастаған кезде, әлгі тыйымның күші жойылған.

Өйткені біз жеткізген хадис арқылы аңшы ит жалпы тыйымнан шығарылған. Сондықтан басқа пайдалы иттерді де соған қияс жасап, жалпы тыйымнан шығарамыз.

3. Имам Бадруд-Дин әл-Ғайни әл-Ханафи өзінің әйгілі «әл-Биная шарх әл-Һидая» (7\486) кітабында айтты:

Шафиғи дәлел ретінде келтірген жоғарыдағы хадис, “алғашқы кезеңге қатысты деп түсіндіріледі”, яғни Исламның бастапқы кезеңіне қатысты.

Мұның түсіндірмесі — Ибраһимнен жеткен мына риуаят. Ол: “Пайғамбардың ﷺ аңшы итті сатудан түскен ақыны алуға рұқсат бергені риуаят етілген”, — деген. Бұл бұған дейін тыйым болып, кейін оның күші жойылғанын көрсетеді.

Адамдар ит ұстауға әбден дағдыланған еді. Иттер қонақтар мен бөтен адамдарға зиян келтіретін болғандықтан, оларды ұстауға тыйым салынды...

Бұл оларға ауыр тиді. Сондықтан қалыптасқан әдеттен қатаң тыю мақсатында иттерді өлтіру бұйырылып, оларды сатуға тыйым салынды. Кейін пайдаға жарайтын иттерді сатудан түскен ақыны алуға рұқсат берілді. Демек, Шафиғи риуаят еткен (итті сатуға тыйым туралы) хадис бастапқы кезеңге қатысты болған.

4. Шейх Рашид Ахмад әл-Кәнкуһи әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің әйгілі «әл-Кәукәб әд-Дурри әлә Джәмиғ әт-Термизи» кітабында (1276-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:

Шафиғидің мәзһабы бойынша, итті сату барлық жағдайда тыйым салынған. Ал жоғарыда аталған кейбір ғалымдардың пікірінше, аңшы иттен өзге иттерді сатуға тыйым салынған. Имамның мәзһабы бойынша, итті сатуға барлық жағдайда рұқсат етіледі.

Себебі, бұған дейін айтылғандай, итті сатуға тыйым иттерді өлтіру бұйырылып, оларды ұстауға тыйым салынған кезде қойылған еді. Кейін ит ұстауға рұқсат берілгенде, оларды сатуға қатысты тыйымның күші жойылды. Немесе бұл тыйым мысықты сатудан түскен ақшаға қатысты тыйым секілді, мәкруһ тәнзиһиті білдіреді.

5. Муфти Асғар Әли ар-Раббани әл-Ханафи «Джәмиғу әт-Термизи уә әл-мәзһәб әл-Ханафи» кітабында (1276-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:

Осы тараудағы хадис пайдасы жоқ итті сатудан түскен ақының харамдығына қатысты деп түсіндіріледі. Ал мал бағуға, күзетуге және аң аулауға пайдаланылатын иттер бұл үкімнен тыс. Өйткені мұндай ит шариғат бойынша құны бар мүлік саналады, сондықтан оны сатуға да, ақысын алуға да рұқсат етіледі.

Пайғамбардың ﷺ аңшы итті сатудан түскен ақыны алуға рұқсат бергені риуаят етілген. Сондай-ақ Османның (Аллаһ оған разы болсын) бір әйелдің итін өлтірген адамға жиырма түйе өтем төлеуді міндеттегені жеткізілген. Біздің мәзһаб ғалымдары да осы пікірді ұстанады.

Пақыр аудармашыдан ескертпе: Қазіргі кезде төбелестіру үшін немесе үйде тек үй жануары ретінде ұсталатын иттерді сатуға да, сатып алуға да бірауыздан рұқсат етілмейді.

Аллаһ елшісі ﷺ аңшы иттің құнын алуға (оны сатуға) рұқсат берді.
Әбу Ханифа Һәйсамнан, ол Икримадан, ол Ибн Аббастан (Аллаһ екеуіне де разы болсын) жеткізеді:

«Аллаһ елшісі ﷺ аңшы иттің құнын алуға (оны сатуға) рұқсат берді».

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Муснад әл-Имам әл-Ағзам» кітабына жазған еңбегінде (344-ші хадистің) түсіндірмесінде айтты:

Ахмад пен ән-Нәсәи хазіретті Джәбирден Пайғамбарымыздың ﷺ: «Үйретілген иттен басқа иттердің құнын алуға тыйым салғанын» жеткізген. Әт-Тирмизидің риуаятында: «Аңшы иттен басқа иттердің құнын алуға тыйым салды», — делінген.

Біліп қой: өзі таза саналатын затты сату ғалымдардың келісімі бойынша дұрыс. Ал ит, доңыз, шарап және көң секілді өзі нәжіс саналатын заттарды сату дұрыс па, жоқ па деген мәселеде хиләф бар.

Әбу Ханифа былай деген:

«Ит пен көңді сатуға, сондай-ақ мұсылманның шарапты сату және сатып алу ісінде зиммиді¹ өкіл етуіне болады».

Мәлики ғалымдары итті сату мәселесінде әртүрлі пікір айтқан. Кейбірі жалпы рұқсат берген, кейбірі мәкруһ санаған, ал енді біреулері тек ұстауға рұқсат етілген иттерді сатуға болады деген.

Шафиғи мен Ахмад: «Аталғандардың ешқайсысын сатуға мүлде болмайды. Ит өлтірілсе немесе жойылса, оның құны өтелмейді», — деген. «Ихтилаф әл-Аимма» кітабында осылай келтірілген.

Әд-Дәмири «Хаят әл-Хайауан» кітабында:

«Біздің мәзһабта иттердің ешбір түрін сату дұрыс емес. Мәлик бұған қайшы пікір айтып, оларды сатуға рұқсат берген. Ал Әбу Ханифа: “Адамға шабатын, тістейтін иттен басқасын сатуға болады”, — деген», — деп жазады.

«Фәтәуә Қадихан» кітабында: «Біздің мәзһабта үйретілген итті сатуға болады», — делінген. Бұл сөздің астарынан үйретілмеген итті сатуға болмайтыны түсініледі. Бұл — осы хадистің риуаятына сәйкес келетін тұжырым. Аллаһ жақсы біледі.

¹Зимми — мұсылман мемлекетінде келісім негізінде қорғалған мұсылман емес тұрғын.

Хафиз әз-Зәйлағи «Насбу ар-Рая» еңбегінде (4:54), имам Кәмал ибн әл-Һумам өзінің әйгілі «Фатху әл-Қадир» (6\346) кітабында: «Бұл — жақсы иснад», — деген.

Мұндағы әл-Һәйсам — әл-Һәйсам ибн Хабиб әс-Сайрафи. Оны Ахмад, Әбу Зурға, Әбу Хатим және Ибн Хиббан сенімді деп бағалаған. Хафиз Ибн Хаджар оны «әт-Тәһзиб» еңбегінде (11:91–92) атап, ол туралы тек сенімділігін растайтын бағаларды келтірген.

Намаздан соң жамағатпен дұға ету мәселесі.
Ауған Ислам Әмірлігіндегі Һират өлкесінің әкімі, хадис және фиқһ ұстазы, муджаһид Шейх Нур-Ахмад Исламжар әл-Ханафи әл-Матуриди ханафи мәзһабының фиқһын баяндайтын «әл-Мәтин фи әл-Фиқһ» кітабында «намаздан соң жамағатпен дұға ету» мәселесінде айтты:

Біздің заманымызда парыз намаздан кейін қолдарын көтеріп, белгілі бір қалыпта жасалатын дұғаны Пайғамбарымыздың ﷺ дәуірінде үнемі осылай орындау болмағанын білген жөн. Иә, парыз намаздан кейін қол көтерместен әрі жамағат болып жиналмастан дұға ету көптеген риуаяттармен бекіген. Мұның дәлелдері тауатур дәрежесіне (яғни, көптеген сенімді жолдармен) жеткен.

Ал нәпіл намаздан кейін жамағат болып, қол көтеріп дұға ету екі оқиғада келген. Соның бірі — Умм Суләймнің үйінде Пайғамбарымыздың ﷺ нәпіл намаз оқып, хазіретті Әнасқа дұға жасауы.

Әш-Шатибидің «әл-Иғтисам» және «әс-Сунна» кітабында Мәликтен мұның бидғат екені жеткізілген. Оның мұндағы мақсаты — бұл амалдың Пайғамбарымыздың ﷺ берекелі дәуірінде тұрақты түрде орындалмағанын айту. Әйтпесе, мұны мүлде рұқсат етілмеген іс деп үкімдеу көзделмеген.

Қазіргі ханафи ғалымдарының кейбірі: «Басқа жағдайларда дұға кезінде қол көтеру бекігендіктен, бұл үкім парыз намаздан кейінгі дұғаға да қолданылады», — деп, жалпы мағыналы дәлелдерді алға тартқан.

Мен айтамын: парыз намаздан өзге жағдайлардағы дұғаларда қол көтерудің бекігеніне күмән жоқ. Алайда жалпы әрі шектеусіз келген дәлелдермен дәлелдеу — сол мәселеге қатысты арнайы үкім келмеген жағдайда ғана орынды. Бұл жөнінде Тирмизидегі: «... Екі қолыңды көтересің, яғни алақандарыңның ішкі жағын өз жүзіңе қаратып: “Уа, Раббым! Уа, Раббым!” дейсің. Кім мұны істемесе, ол — пәлендей-пәлендей» деген риуаятты да келтіруге болады. Бірақ ол жоғарыда айтылған қалыптың тұтас түріне (яғни, парыз намаздан кейін үнемі дұға етуге) дәлел бола алмайды.

Ибн әл-Қайим «әз-Зәәд» кітабында мұны бидғат деген. Алайда оның бұл сөзіне қарсы пікір де айтылған. «Әл-Ғарф әш-Шәзи шарх Сунан әт-Термизи» кітабынан алынған үзінді.

Ғұлама Ануар Шаһ әл-Кәшмири әл-Ханафи әл-Матуриди «ән-Нәфәис әл-Марғубадан» кітабында айтты:

«Дұға үшін намаз жамағатына ұқсас арнайы жамағат құру, оған қатыспаған адамды сөгу, имам белгілеп, дұғада соған ұю және осы секілді кейіннен пайда болған істердің бәрі — білімнің аздығы мен надандықтың көптігінен. Надан адам не шектен шығады, не кемшілікке жол береді».

Ғұлама Зафар Ахмад әл-Усмани әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің «Иғлә әс-Сунан» кітабында (3-том, 205-бет, 939-хадистің түсіндірмесі) былай деген:

«Аллаһ Үндістанның кейбір өңірлеріндегі бидғатқа берілген бір топқа рақым етсін! Олар мынадай амалды тұрақты әдетке айналдырған: имам мен жамағат парыз намаздан кейін “Аллаһуммә әнтәс-сәләм, уә минкәс-сәләм…” дұғасын оқып, орындарынан тұрады. (Соңғы) сүннет намаздарын орындап болған соң, имам “Фатиха” сүресін оқығаннан кейін екінші рет дауыстап дұға етеді, ал ұюшылар “әмин” деп отырады.

Олар мұны міндетті әрі үздіксіз орындалатын амал ретінде ұстанғаны сонша, кейбір қарапайым адамдар намаздан кейін имам мен жамағаттың бірге дұға етуін қажетті, уәжіп іс деп сеніп қалған. Тіпті имам (парыздан кеін соңғы) сүннет пен нәпіл намаздарын ұзағырақ оқып, дұғаға кешіксе, оған наразылық білдіреді…

Тіпті мешіт басшылары имамдарды осы дұғаны жүргізуге мәжбүрлейді… Бұған келіспеген имамды имамдықтан босатып, оны қаралайды…

Аллаһпен ант етемін, бұл — дінге кейіннен енгізілген іс».

Осыған ұқсас пікірлер мына еңбектерде де айтылған:

«Имдаду әл-Әхкәм» — «Имдаду әл-Фәтәуәнің» толықтырмасы;

«Фәтәуә Мазаһир әл-Улум», «Фәтәуә Халилия» деген атпен белгілі: 1-том, 330-бет;

«Фәтәуә Дар әл-Улум Деобанд»;

«Кифаяту әл-Муфти»;

«Имдаду әл-Фәтәуә», жұма және айт намаздары бөлімі: 1-том, 533-бет;

«Фәтәуә Махмудия»: 5-том, 706-бет;

«Фәтәуә Рахимия»;

«Хайру әл-Фәтәуә»;

«Ахсану әл-Фәтәуә»: 1-том, 341-бет;

«Аап ке масаил»;

«Фәтәуә Манбағ әл-Улум».

Бұл мәселе шейх Абдур-Рахим ән-Нақшбанди әл-Мужаддидидің «Бараһин Уадиха» рисаласында да зерттелген. Сондай-ақ осыған ұқсас пікір Мәуләнә Лудһиянуидің «Ахсану әл-Фәтәуә» кітабының 10-томына енгізілген «Зубдат әл-Кәлимәт» еңбегінде де бар.

Ескертпе: Бұл жерде автор парыз намаздан кейін немесе жалпы намаздан кейін жамағатпен дұға етуді мүлде тыйым салынған іс немесе бидғат деп отырған жоқ. Оның ескерткені — мұны үнемі орындалатын міндетті амалға айналдырып, жамағаттың оны сүннет не уәжіп деп қабылдап кету мәселесі. Ал намаздан кейін екі қолды көтеріп дұға етудің өзінде ешқандай айып жоқ.

Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Егер дүниенің Аллаһтың құзырында масаның бір қанатындай құны болғанда, кәпірге одан бір жұтым су да ішкізбес еді».
Сәһл ибн Сағдтан риуаят еткен хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ айтты:

«Егер дүниенің Аллаһтың құзырында масаның бір қанатындай құны болғанда, кәпірге одан бір жұтым су да ішкізбес еді».

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» кітабында (5177-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:

(«Егер дүниенің Аллаһтың құзырында масаның бір қанатындай құны болғанда) яғни егер дүниенің титтей де қадірі болғанда, (кәпірге одан бір жұтым су да ішкізбес еді»). Демек, кәпірді дүниеден ең аз мөлшерде рақаттанудан да тыяр еді. Өйткені кәпір — Аллаһтың дұшпаны. Ал дұшпанға берушінің алдында қадірі бар нәрседен ештеңе берілмейді.

Дүние Оның алдында қадірсіз болғандықтан, оны Өзінің сүйікті құлдарына бермейді. Бұған мына хадис те ишара етеді:

«Сендердің бірің науқасты судан сақтағанындай, Аллаһ мүмін құлын дүниеден сақтайды».

Сондай-ақ: «Дүние кімнен алыстатылса да, бұл ол үшін қайырлы болады».

Сопылардың сөздерінің бірі: «Қорғалудың бір түрі — шамасы келмеу». Яғни кейбір нәрсеге қол жеткізе алмаудың өзі адамды сақтайды.

Аллаһтың тағдырына разы болып, өзіне жазылған үкімге қанағат еткен Пайғамбардың ﷺ дұғасында былай делінген:

«Уа, Аллаһ! Маған нәсіп еткен, мен сүйетін нәрселерді Өзің сүйетін істерге күш-қуат ет! Уа, Аллаһ! Мен сүйетін нәрселердің ішінен менен алыстатқандарыңның орнын Өзің сүйетін істерге арнайтын бос уақыт ет!»

Дүниенің Оның құзырында қадірсіз екендігінің тағы бір белгісі — оны кәпірлер мен күнәһарларға молынан беруі. Тіпті Аллаһ Тағала былай деген:

﴾Егер адамдар (бақ-дәулеті тасыған кәпірлерге қызығып, тек дүние қуып, ақиретті ұмытып, нәтижеде, жаппай күпірлікке бой алдырған) бірыңғай кәпір үмбетке айналмайтын болғанда, (бұл дүниені басы-бүтін кәпірлерге беріп) Рахманға күпірлік қылған әрбір кәпірді (сансыз байлыққа кенелтер едік те), олардың үйлерінің төбесі мен басатын баспалдақтары саф күмістен құйылған болар еді﴿ [«әз-Зухруф»: 33].

Пайғамбар ﷺ Омарға былай деген:

«Дүние оларға, ал ақырет бізге тиесілі болуына разы емессің бе?».

Аллаһ Тағала: ﴾Алайда Раббыларына қарсы келмей, тақуалық шеңберінде өмір сүргендер үшін (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жаннат бақшалары бар. Олар онда мәңгі-бақи қалып, Аллаһтан ерекше сый-құрмет көреді. Аллаһтың дәргейіндегі бар игілік – ізгі де кемел мүміндер үшін әлдеқайда қайырлы﴿ [«Әли Имран»: 198], — деген. Сондай-ақ: ﴾Ол кәпірлердің бір бөлігіне оларды сынау үшін берген дүниедегі тіршіліктің жылтыраған сән-салтанатына қызығып көзіңді сүзбе! Раббыңның (өзіңе нәсіп еткен) нығметі мен ақиретте беретін ризық-несібесі әлдеқайда қайырлы һәм баянды (мәңгілік) болмақ﴿ [«Таһа»: 131], — деген.

Хадисте Ахмад, әт-Тирмизи және Ибн Мәджа риуаят еткен. Сондай-ақ Дия да риуаят еткен. Әт-Тирмизи хадисті: «Сахих хадис», — деген.

Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Біліңдер! Дүние және ондағы нәрселер лағынеттелген. Тек Аллаһты еске алу, соған қатысты нәрселер, ғалым немесе білім үйренуші ғана бұдан тыс».
Хазіретті Әбу Һурайра риуаят еткен хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ айтты:

«Біліңдер! Дүние және ондағы нәрселер лағынеттелген. Тек Аллаһты еске алу, соған қатысты нәрселер, ғалым немесе білім үйренуші ғана бұдан тыс».

1. Имам (әл-Музһири атымен танымал) Мухаммад ибн әл-Хусәйн әз-Зәйдәни әл-Ханафи (727 һ.ж. қайтыс болған) «әл-Мәфәтих фи шарх әл-Мәсабих» кітабында (4017-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:

Яғни дүниедегі Аллаһты еске алудан немесе Аллаһ сүйетін нәрселерден басқасының бәрі лағынеттелген. Демек, дүниеде болып жатқан, Аллаһ сүйетін істер лағынеттелмеген, ал қалғанының бәрі лағынеттелген. Яғни Аллаһтың рақымынан аластатылған әрі Оның алдында жек көрілген.

2. Ғұлама мухаддис Абдул-Хақ Сайфуд-Дин әл-Бухари әд-Дәһләуй әл-Ханафи әл-Матуриди ән-Нақшбанди өзінің әйгілі «Ләмәғату әт-Тәнқих фи шархи Мишакт әл-Масабих» кітабында (5176-шы) хадистің түсіндірмесінде айтты:

(«Біліңдер! Дүние және ондағы нәрселер лағынеттелген. Тек Аллаһты еске алу, соған қатысты нәрселер) деген сөзіне үш түрлі түсіндірме берілген:

Біріншісі: Аллаһ ұнататын, Оған жақындататын амалдар мен тағаттар меңзеледі.

Екіншісі: яғни «зікірге жақын әрі оған ұқсас нәрселер» деген мағынада. Мұнда игілікті еске алу, яғни Аллаһты еске алудан өзге игілікті еске алу меңзеледі.

Үшіншісі: яғни зікірге сай жасалатын әрі одан ажырамайтын амалдар меңзеледі. Ал Аллаһ Тағаланың әмірі мен тыйымын ұстану — зікірдің талаптарының бірі.

Бұл түсіндірмелердің барлығы зікірден Аллаһ Тағаланың есімін еске алу көзделгенде ғана толық үйлеседі. Ал зікір ұғымынан Оған жақындау ниетімен жасалатын әрбір игі амал көзделсе, барлық тағаттар мен ғибадаттар зікірге кіреді. Онда «соған қатысты нәрселер» дегеннен зікір ісін қамтамасыз етіп, оған жәрдемдесетін себептерді, мысалы, күнкөріске жеткілікті қаражат пен өзге қажеттіліктерді түсінуге болады.

Немесе зікір етушілер меңзелуі мүмкін...

(ғалым немесе білім үйренуші ғана бұдан тыс») яғни: «Аллаһты еске алу, ғалым немесе білім үйренуші ғана мақталады».