Пайғамбарым
@muhammedmustafa
Бұл жинақта ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) Хақ Пайғамбар екенін дәлелдер баяндалады.
28 posts
сүнет

Хақ біреу бола тұра, қалайша төрт яки он екі мазхаб пайда болады әрі үкімдері әртүрлі, бірақ бәрінікі дұрыс һәм хақ болады?

Заманға қарай шариғаттар өзгереді. Тіпті кейде бір ғасырда өмір сүрген қауымдарға түрлі шариғаттар мен бөлек-­бөлек пайғамбарлар келген. Пайғамбарлардың ақырғысы, Хатем­үл әнбияның әкелген ұлы шариғаты әр ғасырға әр қауымға толық жеткілікті болғандықтан өзге шариғаттарға қажеттілік қалмады. Дегенмен негізгі мәселенің тысындағы кейбір ерекшеліктерге байланысты белгілі бір дәрежеде түрлі мазхабтарға қажеттілік туындаған. Иә, қалайша мезгілдер ауысқан кезде сырт киімдер өзгереді және адамның табиғатына байланысты емдік шаралар, дәрі­-дәрмек те басқаша болады. Дәл сол сияқты, заманға байланысты шариғаттар әртүрлі болып, халықтың болмыс­бітіміне, бейім ділігіне қарай үкімдер өзгеріп...