Пайғамбарым
@muhammedmustafa
Бұл жинақта ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) Хақ Пайғамбар екенін дәлелдер баяндалады.
28 posts
уахи

Уахи туралы

Уахи екі түрлі болады.Біріншісі: «Сарихи Уахи». Расулуллаһ мұнда тек қана аудармашы, қосары жоқ. Оған Құран және кейбір құдси хадистер жатады. Екіншісі: «Зымни Уахи». Мұның да негізі мен өзегі уахи мен илhамға сүйенеді. Бірақ түсіндіріп баяндау Расулуллаһқа (с.а.у) байланысты. Уахимен келген қысқаша оқиғаны суреттеп, баяндау үшін Расулуллаһ (с.а.у) тағы да илhамға немесе уахиге сүйене отырып парасаттылығымен жеткізеді. Өз сөзімен түсіндіру кезінде пайғамбарлық міндеті жағымен иләhи қуатпен әрі көпшіліктің ұғымына сай түсінікті болуы үшін қарапайым тілмен баяндайды. Міне, сондықтан әрбір хадистің бүкіл жағына нағыз уахи ретінде қарау шарт емес. Адам болғасын болуы міндетті пікірі мен амалдарынан...