August 5, 2024

Halyk қосымшасында 250 нысаны бойынша декларацияны қалай тапсыруға болады? 

Halyk қосымшасында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру бөліміне өту үшін «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне өтіп, «Бизнес және салықтар», содан кейін «Салық есептерін ұсыну» тармағын таңдау керек.

Ары қарай мына деректерді толтыру керек:
1. Декларация түрі – бастапқысын таңдаңыз;
2. Салық төлеушінің санаты;

3. Тіркеу аймағы;
4. Есеп беру кезеңі – 2023 жылдың желтоқсанын таңдаңыз;

5. Телефон нөмірі мен e-mail.

Енді деректерді тексеріп шығып, декларацияның өзін толтыра берсеңіз болады. Процесс барысында 14 сұраққа жауап беру керек. «Иә» деген жауап неғұрлым аз болса, декларацияны тапсыру соғұрлым тез болмақ.

Деректер 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша тапсырылатынын есте ұстаған жөн.

1. Қолма-қол ақшаңыз бар ма?

Егер сізде қолма-қол ақша болмаса, бұл сұраққа жоқ деп жауап берсеңіз болады. Дегенмен, нұсқаулыққа оралып, бұл туралы сарапшылардың пікірін оқып шыққаныңыз дұрыс.

2. Қазақстаннан тыс жерлерде жылжымайтын мүлкіңіз бар ма?

Егер сізде басқа елдерде жер, үй, пәтер және т.б. бар болса, мына мақаланы оқыңыз.

3. Қазақстаннан тыс жерлерде көлігіңіз бар ма?

Егер сізде басқа елдерде автокөлік, жүк көлігі, мотоцикл, квадроцикл болса, мына мақаланы оқыңыз.

4. Шетелдік банктерде ақшаңыз бар ма?

Шетелдік шоттарыңыз болса, мына мақаланы оқыңыз.

5. Қазақстаннан тыс жерлердегі компанияларда меншік үлесіңіз бар ма?

Жауабыңыз "иә" болса, мына мақаланы оқыңыз.

6. Қазақстанда және одан тыс жерлерде үлестік тұрғын үй құрылысы шарттарыңыз бар ма?

Егер сізде осындай келісімшарттар бар болса, онда мына мақаланы оқыңыз.

7. Қазақстанда және одан тыс жерлерде инвестициялық алтыныңыз бар ма?

Егер сізде 900 сынамалы алтын монеталар, 995 сынамалы алтын құймалар, брокерлік шоттарда алтын болса, мына мақаланы оқыңыз.

8. Қазақстанда және одан тыс жерлерде бағалы қағаздарыңыз бен цифрлық активтеріңіз бар ма?

Мұнда акциялар, облигациялар, вексельдер, туынды қаржы құралдары, криптовалюталар мен токендер туралы айтылып тұр. Егер сізде осы тізімнен қандай да бір активтер болса, мына мақаланы оқыңыз.

9. Қазақстанда және одан тыс жерлерде инвестициялық қорларда үлестеріңіз (пайларыңыз) бар ма?

Бар болса, онда мына мақаланы оқыңыз.

10. Қазақстанда және одан тыс жерлерде зияткерлік меншігіңіз бар ма?

Егер сізде авторлық құқық, патенттер, ғылыми жұмыстар, сауда белгілері мен т.б. болса, мына мақаланы оқыңыз.

11. Қазақстанда және одан тыс жерлерде қымбатқа бағаланатын мүлкіңіз бар ма?

Мұнда құны 3 450 000₸ асатын кез келген құнды мүлік туралы айтылып тұр. Декларацияны тапсырар алдында бағалау жүргізілуі керек. Егер сізде қымбат мүлік болса, мына мақаланы оқыңыз.

12. Жеке тұлғалар не компаниялар алдында қарызыңыз бар ма?

Жеке тұлғаға немесе компанияға қарызыңыз болса, мына мақаланы оқыңыз.

13. Жеке тұлғалар мен компаниялардың сізге қарызы бар ма?

Егер сізге қарыз болса, мына мақаланы оқыңыз.

14. Қазақстанда және одан тыс жерлерде сенімгерлік басқаруға берілген мүлкіңіз бар ма?

Бұл жылжымайтын мүлік, бағалы қағаздар, бизнес, зияткерлік меншік пен басқа да активтер болуы мүмкін. Егер сіз өз мүлігіңізді сенімгерлік басқаруға берген болсаңыз, мына мақаланы оқыңыз.

Барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін деректеріңізді тағы бір мәрте тексеріп, декларацияны тапсырыңыз. Егер тапсырған декларацияңызға өзгертулер енгізу керек болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе салық органына жүгініңіз.

Сондай-ақ, есепті онлайн түрде келесі тәсілдермен өзгертуге болады:

Егер сізде қандай да бір сұрақ туындаса, төмендегі деректер бойынша жүгініп, жауап ала аласыз:

- 1414 нөмірі бойынша
- Мына сайтта әр қала бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының деректері көрсетілген
- Жалпыға бірдей декларацияға арналған Мемлекеттік кірістер комитетінің чатында