December 6, 2023

Финансист №4 (32) 2023

Открыть версию на русском языке

Жеке инвестициялар, брендтер мен акциялар туралы журнал

Суретте: Тимур Турловтың жеке мұрағаты

Мазмұны


Осыдан он жыл бұрын мұқабасында қызыл Тесланың суреті бар, жалпы тиражы 1 мың данадан аз «Финансист» журналының алғашқы саны жарыққа шыққан еді. Осынша жылдар өтсе де бізге әлі күнге дейін әлемде не өзгерістер болып жатқаны және осы өзгерістерден қалай пайда табуға болатынын әңгімелеп отыру әлі де қызықты.

Біз осы мерейтойлық шығарылымды Уолл-стриттің болашағы тақырыбына арнауды шештік. Бұл номерде сіз S&P 500 -ден тыс акцияларға қалай бағдар алуды, биржаларда сатылмайтын қағаздарға қалай инвестиия салуды, small-caps-ке салынатын инвестициялардың артықшылықтар мен кемшіліктері туралы білетін боласыз.

Сіздердің назарларыңызға Нью Йорк қор биржасындағы биржалық «шұңқырда» бірнеше жыл жұмыс істеген және әртүрлі резонансты IPO-ларға қатысқан, Freedom Capital Markets бас стратегі Джей Вудстің естеліктерін ұсынамыз. Freedom Finance компаниясының құрылғанына 15жыл толуына орай, біз холдингтің негізін қалушысы және бас директоры Тимур Турловпен сұхбатымызда ол осы жылдар ішінде компания қалай өзгерді және әрі қарай қалай дамуда екендігі туралы әңгімеледі.

Ықыласпен оқып, сәтті инвестиция жасаңыздар!


Меншік иесі: «Alteco Partners» ЖШС
Бас редакторы: Сергей Домнин
Шығарушы редактор: Наталья Харлашина
Дизайн, ақпараттық графика: Владислав Волков, Александр Гарьюсов
Әдеби редактор: Константин Полтев
Редакторлары: Анастасия Скрипниченко
Түзетуші: Татьяна Нарышкина
Шығарылым үйлестірушілері: Вадим Меркулов, Маргарита Торшина, Дарья Тимохина, Кристина Сафиулова
Бүгінгі сандағы фотосуреттер: ашық дереккөздер, Freedom Holding Corp.баспасөз хабарламасы, Freedom Bank, blog.brewdog.com, shipsnowyo.com, marketrealist.com, coolminiornot.com және moaf.org сайттары, Джей Вудс, Элисар Нұрмағамбетов, Крис Лахиджи, Аскар Таштитов және Тимур Турловтың жеке мұрағаты
Мұқабадағы фотосурет: Тимур Турловтың жеке мұрағаты
Журнал ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік №17775-Ж, 03.07.2019 ж.
Редакцияның мекенжайы: А15Р1М9, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Розыбакиев көш., 127 үй, тел.: +7 (727) 339 84 41. E-mail: pr[email protected]
Басуға қол қойылды: 27.11.2023. Таралымы: 47 000 дана.
Журнал тегін таратылады


Freedom Finance Global PLC жария компаниясы

Freedom Finance Global PLC жария компаниясы Қазақстан Республикасында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсетеді. АХҚО қолданыстағы заңнаманың талаптарын, шектеулерін және/немесе нұсқауларын сақтау кезінде компанияға No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензияға сәйкес мынадай реттелетін қызметтердің түрін көрсетуге уәкілеттік берілген: инвестициялармен принципиал ретінде мәмілелер, инвестициялармен агент ретінде мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар жөнінде консультациялар беру және инвестициялармен мәмілелерді ұйымдастыру.

Бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдарына иелік ету қашанда тәуекелдермен байланысты: бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдарының құны өсуі немесе құлдырауы мүмкін. Өткен жолғы инвестициялаудың нәтижелері келешектегі табыстарға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес компания салымдардың келешекте табысты болатынына кепілдік пен уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың беріктігіне және ықтимал табыстар көлемінің тұрақтылығына кепілдік бермейді.